Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар алдағы уақытта байланыс жоқ жерде де SMS хабарлама жібере алады

Фото: stock.adobe.com

2026 жылы бүкіл Қазақстан бойынша Starlink спутниктік байланысы қолжетімді болады. Жаңа жүйе қазақстандықтарға байланыс жоқ жерде де SMS хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Beeline Қазақстанның бас компаниясы – VEON америкалық компаниямен коммерциялық келісім жасасты. 

Starlink Direct to Cell-мен жасалған келісімнің арқасында Beeline Қазақстан 2026 жылы елдің бүкіл аумағында, соның ішінде шалғай өңірлерде де хабарлама алмасу қызметін, одан кейінгі кезеңде мобильді интернетке қосылу қызметін қосуды жоспарлап отыр.

Жер орбитасында орналасқан 650‑ден астам Starlink спутниктері Direct to Cell технологиясын қолданады. Бұл жүйе мобильді желі жоқ аймақтарда деректерді жіберуді, дауыс байланысын, видео және хабарлама алмасуды қамтамасыз етеді. 


Қазақстандық пойыздарға Starlink интернеті қосылады

Қазақстанда сотталушы түрмеде Starlink интернет орнатып, есірткі саудасын басқарып отырған


Фото: gov.kz

“Ұялы байланыс жоқ, бірақ тікелей спутникпен қосылу мүмкіндігі бар жерде модемдер мен қосымша құрылғыларсыз-ақ телефоннан хабарлама жіберу мүмкіндігі – азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шын мәнінде, адам өмірін де сақтап қалуға мүмкіндік береді", – деді жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Beeline мен Цифрлық даму министрлігі аталған жүйені мүмкіндігінше тез іске қосу үшін өзара меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, бұл келісім Қасым‑Жомарт Тоқаевтың АҚШ‑қа ресми сапары асындағы үшжақты кездесуде жасалды. 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың Вашингтонға сапары аясында Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар бойынша меморандумға қол қойған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 21:39
Талқылау