2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт мен жеке куәлік жасату қымбаттайды
Фото: Stan.kz
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда негізгі құжаттарды – паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және басқа да бірқатар қызметтерді рәсімдеу құны қымбаттайды. Бағаның өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге көтерілуімен байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АЕК-тің жаңа мәні президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген. АЕК өскендіктен мемлекеттік баж мөлшерлері де артады. Мәселен:
Қазақстанда паспорт пен жеке куәлікті онлайн беру қызметі іске қосылады
- 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (4 АЕК). Ол 2025 ол жылы 15 728 теңге болған.
- 36 беттік стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК). 2025 жылы ол 31 456 теңге болған.
- 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК). 2025 жылы ол 47 184 теңге болған.
- Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). 2025 жылы ол 786 теңге болған.
- Жеке куәлікті жыл ішінде екі реттен көп жоғалтқанда рәсімдеу – 1 АЕК (4 325 теңге).
- Жүргізуші куәлігін алу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).
- Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Бірақ қайта рәсімдеу – 0,5 АЕК (2 163 теңге).
Айта кетсек, 2026 жылы неке қию туралы куәліктің құны да 1 АЕК немесе 4 325 теңге болады. Бірақ ажырасуға өтініш беру екі есе қымбатқа түседі. Яғни – 2 АЕК немесе 8 650 теңге болады. Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ жоғалтып алып немесе басқа да жағдайлармен қайта жасатқан жағдайда 0,5 АЕК немесе 2 132 теңгені төлеу керек болады.
-
Салық төлемегендерден қарызды өндіріп алу тәртібі өзгереді: Қазақстандықтар нені білуі керек
-
Қазақстанда КТ мен МРТ секілді медициналық қызметтердің бағасы өседі
Кімдер құжаттарды тегін рәсімдей алады?
- Мемлекеттік баждан босатылатындар:
- ел қаһармандары мен жоғары мемлекеттік наградалар иегерлері;
- құрметті атағы бар көпбалалы аналар;
- ардагерлер және соғысқа қатысушылар;
- ерекше қажеттілі бар азаматтар мен сондай балалардың ата-аналары;
- әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
- жетім балалар және мемлекет қамқорлығындағы балалар;
- Чернобыль апатынан зардап шеккендер.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады