2026 жылы доллар қанша болады: Министрлік болжамын жариялады

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс кулуарында мұнай және теңге бойынша болжаммен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Үш жылдық бюджетте доллар бағамы 540 теңге, мұнайдың бір баррелі 60 доллар шамасында белгіленді", — деді министр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында:
— доллар: сатып алу — 538,86 теңге, сату — 540,74 теңге;
— еуро: сатып алу — 625,80 теңге, сату — 629,61 теңге;
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 537,43 теңгеден сатып алынады, 543,34 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 624,45 теңге, сату — 632,34 теңге;
Бұған дейін министрлік 2026 жылы Қазақстанның республикалық бюджетінің шығысы 27,8 триллион теңге болатынын жариялады. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге көп.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"