2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады

Фото: Ru.freepik.com
2026 жылы Ораза айт 20 наурызға сәйкес келсе, Құрбан айт 27 наурызға түсіп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
“Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді"” – делінген хабарламада.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең ұлы мерекелерінің бірі. Араб тілінен аударғанда “Құрбан айт” – “құрбан шалу мерекесі” дегенді білдіреді. Бұл мереке Меккеге қажылықтың аяқталуын білдіреді. Қажылық – исламның бес парызының бірі ол шахадат, намаз, зекет және оразадан кейінгі бесінші парызы.
Құрбан айттың басты мәні – адамның рухани және адамгершілік деңгейін көтеру, жақсылыққа, мейірім мен имандылыққа шақыру.
Бұған дейін Оразаның 19 ақпанда басталатыны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік