Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылдан бастап қазақстандықтар ақылы түрде кез келген көлік нөмірін таңдай алады

Қазақстандықтар 2026 жылдан бастап көліктеріне қалаған нөмірді таңдай алады. Мұны ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Koleso.kz

Қазіргі уақытта сұранысы жоғары емес көлік нөмірлері бірінші кезекте беріледі. Енді көп ұзамай көлік жүргізушілері 10 АЕК (36 920 теңге) төлеп, кез келген нөмірді өздері таңдай алады. Норманың іске асуы жаңа салық кодексімен байланысты.

“Жаңа салық кодексін қабылдау мерзімі, сондай-ақ бұл норманы енгізу мерзімі 2025 жылдан бастап 2026 жылға дейін белгіленді. Салық кодексіне ірі өзгерістер енгізілмек. Шамасы жұмыс көлемі өте үлкен. 2026 жылдың 1 қаңтарына шегерілді. Біз өз тарапымыздан осы ұсыныстарды жасадық және техникалық тұрғыдан ішкі істер министрлігі осы мемлекеттік нөмірлерді беруге дайын”, – деді ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Еске салсақ, Алматы облысында мемлекеттік нөмірді қағазбен жауып көлік басқарған ер адам бір жылға жүргізуші құқығынан айырылған еді. 

Талқылау