Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылдан бастап Қазақстанда алты жаңа автожол ақылы болады

ақылы жол ТАССФото: ТАСС

2026 жылдан бастап Қазақстанда тағы алты автожол ақылы жүйеге көшеді. Жолақы төлеу мерзімі ұзарғанымен, төлем уақытында жасалмаса, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Келер жылдан бастап Қазақстанда тағы алты автожол ақылы жүйеге көшеді. Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болады. 

Алғашқылардың бірі болып Қарағанды – Балқаш тасжолы ақылы болады. Сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш, Талдықорған – Өскемен және Мерке – Шу бағыттарында да жолақы енгізіледі.
Төлем мөлшері көліктің түріне және жүрілген қашықтыққа қарай есептеледі. Айта кетейік, 2026 жылы тариф құны көтерілмейді. Алайда жолақы төлеу тәртібі өзгереді. Бұған дейін төлем жасауға 7 күн берілсе, енді бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылды.

Белгіленген уақытта жолақы төленбеген жағдайда, деректер көлік бақылау органдарына жіберіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі өзгереді


Астанада ер адам мас күйінде кофехана есігін бұзып ашқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды


Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы ақылы жолдан түсетін қаражат қайда кететінін жазған едік. Мұнда 79 миллиард теңге түсіп, бұл қаражат 26 ақылы учаскенің қызмет көрсетуі мен жөндеу жұмыстарына, төлем жинау инфрақұрылымын ұстауға, жол-эксплуатациялық техника сатып алуға және басқа әкімшілік шығындарға жұмсалды.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025 10:41