2025 жылы пәтерін жалға беретін қазақстандықтар нені білуге тиіс
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғын үй-жайларды жалға беретін тұлғалар олардың қызметі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе тіркелмей жүзеге асырылғанын анықтауы керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының ( Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу) негізінде Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады:
- жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады;
- жеке кәсіпкерліктен еліміздің салық заңнамасына сәйкес есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табысы бар.
Жеке кәсіпкерлік (ЖК) тіркеусіз жұмыс істеу кезінде:
- жалдамалы жұмысшылар болмауы керек;
- табыс есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін табыс ету мерзімімен 270.00 нысаны бойынша "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлік туралы" декларацияда көрсетіледі, салық төлемі 25 қыркүйекке дейін;
- салық мөлшері – табыс сомасының 10%-ы.
Жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін үш арнайы салық режимінің бірін пайдалануға болады.
Фото: gov.kz
Барлық режимде әлеуметтік төлемдерді төлеу қажет. Олардың ең төменгі мөлшері:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1 ең төменгі жалақының 10%-ы;
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1 ең төменгі жалақының 2,5%-ы;
- әлеуметтік аударымдар –1 ең төменгі жалақының 5%-ы;
- медициналық сақтандыруға жарналар (МСМС) – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы.
- Барлығы 20 825 теңге.
2025 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналатыны туралы жазған едік. Енді банкпен рәсімделіп, ипотекаға алған пәтерді жалға беріп, табыс табу үшін қазақстандықтар банктен рұқсат алуы керек. Олай болмаған жағдайда айыппұл салынады.

Биыл жазда қай елде демалу арзан: Вьетнамға бағыт арзандап, Түркия қымбаттады
