Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

2025 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

Фото: freepik.com

2025 жылы қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің тізімі айтарлықтай кеңейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі визасыз кіруге болатын елдердің жаңартылған тізімін жариялады, бұл тізім, әсіресе, жазғы демалыс маусымы қарсаңында өзекті бола түседі.

Қазақстан мен Марокко арасындағы визаны алып тастау туралы келісім 2025 жылғы 19 наурызда күшіне енді. Енді екі ел азаматтары бір-бірінің аумағында 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

Черногория Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді 2025 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартты. Бұл елде қазақстандықтар 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Барғаннан кейін 24 сағат ішінде тіркелу қажет.

Оман Қазақстан азаматтарының визасыз жүру мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзартты. Бірақ бұл режим жұмысқа, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайды.

Визасыз елдер және кіру шарттары

14 күнге дейін:

  • Гонконг;
  • Иран;
  • Макао

28 күнге дейін:

  • Барбадос

30 күнге дейін:

  • Аргентина;
  • Әзірбайжан;
  • Бразилия;
  • Вьетнам;
  • Доминикан Республикасы;
  • Катар;
  • Қытай;
  • Мальдив;
  • Никарагуа;
  • Намибия;
  • Біріккен Араб Әмірліктері;
  • Сан-Марино;
  • Сейшел аралдары;
  • Сербия;
  • Тунис;
  • Филиппин;
  • Эквадор;
  • Куба;
  • Оңтүстік Корея(K-ETA электронды рұқсат талап етіледі);
  • Малайзия (MDAC электронды көші-қон картасы талап етіледі).

60 күнге дейін:

Таиланд (тек туристерге)

90 күнге дейін:

  • Албания;
  • Андорра;
  • Гаити;
  • Колумбия;
  • Молдова;
  • Моңғолия;
  • Ресей;
  • Украина;
  • Түркия.

180 күнге дейін:

  • Армения;
  • Сент-Винсент и Гренадины.

1 жылға дейін:

  • Грузия

Елге кірген кезде виза берілетін елдер:

  • Замбия;
  • Индонезия;
  • Маврикий

ТМД елдерінде тіркелу

  • Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінде 30 күннен астам болу үшін міндетті түрде тіркелу қажет.
  • Өзбекстанда 5 күн болғаннан кейін тіркелу қажет.

Танымал бағыттар және саяхат туралы кеңестер

Грузия. Визасыз режим 1 жылға дейін жарамды. Шекарада қиындыққа тап болмау мына құжаттар болғаны дұрыс:

  • Тұру орнын растайтын құжат (қонақүйді брондау немесе шақыру)
  • Қайту билеті
  • Медициналық сақтандыру
  • Қаржылық төлем қабілеттілігін растайтын құжат (қолма-қол ақша немесе картадан үзінді көшірме)

Таиланд (Пхукет). 2024 жылғы 18 сәуірден бастап визасыз режим 90 күнге дейін жарамды. Сол жерде елде жүру мерзімін тағы 30 күнге ұзартуға болады.
2025 жылғы 1 маусымнан бастап ETA электронды саяхат рұқсаты қажет болады.

Қажет құжаттар:

  • Паспорт (кемінде 6 ай жарамды)
  • ETA (онлайн рәсімделеді, QR-код ретінде берілген)
  • Қайту билеті
  • Қаржылық төлем қабілеттілігін растау
  • Медициналық сақтандыру
  • Кәмелетке толмаған балалар үшін – туу туралы куәлік және рұқсат қағазы
  • Цифрлық көші-қон картасы (TDAC)

Қытай. Туризм, емделу, іскерлік кездесулер және халықаралық тасымалдау мақсатында 30 күнге дейін визасыз тұруға рұқсат етіледі. Жұмыс істеуге, оқуға және ұзақ мерзімге тұруға виза қажет.
Қажет құжаттар:

  • Паспорт
  • Паспорт жоғалған жағдайда қайту құжаты

Мальдив аралдары. Мале әуежайына жеткенде 30 күндік тегін виза беріледі. Иммиграциялық қызмет арқылы елде болу мерзімін 90 күнге дейін ұзартуға болады (құны – 4449 теңге немесе 750 руфия).
Қажетті құжаттар:

  • Паспорт (кемінде 6 ай жарамды)
  • Қайту билеті
  • Қонақүйді брондау растамасы
  • Қаражат: күніне 25 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін
  • Медициналық сақтандыру
  • Саяхатшының онлайн декларациясы (IMUGA платформасы, елге кіруге дейін 96 сағат бұрын толтырылған)

Объединённые Арабские Эмираты. Казахстанцы могут находиться в ОАЭ без визы до 30 дней.
Необходимые документы:

Біріккен Араб Әмірліктері. Қазақстан азаматтары бұл елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады.
Қажет құжаттар:

  • Паспорт (кемінде 6 ай жарамды)
  • Медициналық сақтандыру

Саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, алдымен паспортыңыздың жарамдылық мерзімін және кемінде екі бос бет болуын тексеріп алыңыз. Виза талап етілмесе де, барлық құжатты алдын ала дайындаңыз.Саяхатқа шықпас бұрын сол елге кіру ережелерін тексеріңіз, ереже өзгеріп кетуі мүмкін.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 17:22
Талқылау