Мұхаммед, Айлин, Әлихан: Қазақстанда 2025 жылы балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

2025 жылы Қазақстанда балаларға ең көп қойылған есімдер тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда туылған ұл балалардың арасында Мұхаммед, ал қыз балалар арасында Айлин есімі ең танымал болған.
Жаңа туған ұл балалар арасындағы ТОП-10 ең танымал есім:
- Мұхаммед – 2537;
- Әлихан – 2330;
- Айсұлтан – 2305;
- Омар – 2225;
- Алдияр – 2129;
- Алан – 2093;
- Мухаммад – 2042;
- Амир – 1926;
- Хамза – 1682;
- Әли – 1562.
Жаңа туған қыз балалар арасындағы ең танымал есімдер:
- Айлин – 5305;
- Асылым – 4302;
- Медина – 3942;
- Айша – 3310;
- Томирис – 2957;
- Мариям – 2608;
- Сафия – 2575;
- Аяла – 2456;
- Адия – 2371;
- Айым – 2266.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде 28 адамға "Қазақстан" есімі берілгені туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды