2025 жылы Қадір түні қай күні болады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылы “Қадір түнінің” қай уақытта болатынын белгіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Кестеде “Қадір түні” наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түніне белгіленген.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.
Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" айтылған. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болатындықтан жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатыны айтылады.
Еске салсақ, 2025 жылы Рамазан айы, ораза уақыты да қай күндер арасында болатыны белгілі болған еді.
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді