2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады
2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың әскери міндетті шақырылады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың тиісті бұйрығы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 7 ақпанға дейін талқылауға қолжетімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Unsplash.com
Әскери дайындық 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және ұзақтығы 30 күнге дейін болады. Дайындыққа қатысудан жалтару 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.
Әскери дайындық кезінде әскери қызметшілердің жұмыс орындары мен лауазымдары сақталады. Оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекеттік бюджет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.
Әскери міндеттілерді жинақ орнына жеткізу және оларды кері қайтаратын көлік қызметі, сондай-ақ тамақтандыру Қорғаныс министрлігі есебінен жүзеге асырылады. Әскери міндеттілер казарма жағдайында ұсталады. Оларды бөлімнен босату ротаның командирлерімен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, әскери дайындықтың негізгі мақсаты – әскери бөлімшелердің жауынгерлік және мобилизациялық дайындығын арттыру, бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталып тұратын бөлімшелер үшін дайындалған және жинақталған әскери дайын ресурстарды қалыптастыру.
2023 жылы қорғаныс министрлігі 1,5 мың қазақстандықты әскери дайындыққа шақырған болса, 2024 жылы – 3 мың адам шақырылды.
Еске салайық, бұған дейін 22 қаңтарда мәжіліс депутаттары резервтегі қызмет туралы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес 2025 жылы елде 2000 адам резервтегі әскери қызметке шақырылады. Заң жобасында сабақтар немесе жиындар кезінде әскери қызметкер мәртебесін алатын "резервтегі әскери адам" деген жаңа ұғым енгізіледі.