2025 жылғы наурыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
2025 жылғы наурыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Елімізде көктемнің алғашқы айы, жылы әрі жауын-шашынды болады. Айдың орташа температурасы Қазақстанның барлық аумағында климаттық нормадан 2° жоғары болмақ. Жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде көп, ал оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда шамамен нормаға сай болады деп болжануда.
Синоптиктердің хабарлауынша, Наурыз айында ауа райында тұрақсыз болады. Солтүстік өңірлерде қатты боран соғуы мүмкін. Наурыз айында жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) жиі түседі. Сондай-ақ желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болжануда.
Пойыз билеті қымбаттайды, көптеген телефон бұғатталады: 1 наурыздан бастап Қазақстанда не өзгереді
Наурыздың алғашқы онкүндігінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Түнде -12-20°С, ал елдің орталығы мен шығысында -15-26°С-тан -5+1°С-қа дейін, күндіз -3-11°С-тан -3+5°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы түнде -2-10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, күндіз -2+8°С-тан +10+15°С-қа дейін, ал Түркістан облысында +15+20°С-қа дейін жетеді. Онкүндіктің соңында Қазақстанның барлық аумағында температура аздап төмендейді. Елдің солтүстік бөлікте түнде -3-8°С, күндіз 0,-5°С, ал оңтүстік бөлікте түнде -5+2°С, күндіз +3+10°С болады.
Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы ықтимал. Солтүстік бөлікте түнде -10-15°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз -2-13°С-тан +2+10°С-қа дейін өзгереді. Оңтүстік бөлікте түнде -5+5°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +10+20°С-қа дейін көтеріледі.
Үшінші онкүндікте елдің басым бөлігінде түнде -5+5°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+20°С-қа дейін ауытқиды. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде түнде -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін, ал күндіз 0,-5°С-тан +3+10°С-қа дейін өзгеруі мүмкін.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандықтардың наурыз айында қанша күн демалатынын жазғанбыз.