Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылға қорытынды: "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясындағы ірі жеңістер мен рекордтар

Биыл "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы үшін айрықша есте қалатын жыл болды. Жылдың ең басты оқиғасы ретінде абсолютті рекордтар тіркелді. Соның бірі ұлттық лотерея тарихындағы ең ірі ұтыс – 289 755 700 теңге .

Ұтыс биыл 5 мамырда LOTO 6/49 тиражында ойнатылды. Жеңімпаз болған Алматы қаласының тұрғыны билетін онлайн сатып алған. Жеке қауіпсіздігі үшін ол түрін жасырып, марапаттау рәсіміне жұлдыз бейнесінде келді.

"Бұған дейін де лотереяда жеңіп көрдім, бірақ ұтыстар аз еді. Небәрі 3-5 мың теңге. Ұтыс туралы хабарлама келгенде алғашында сенбедім. Ал шынайы соманы алатыныма көзім жеткенде қатты таңғалдым", – деп бөлісті жеңімпаз.

Аталған Суперұтыс 2024 жылдың қаңтарында Қызылорда тұрғыны орнатқан рекордты (156 668 300 теңге) жаңартып, тарихта алғаш рет 300 миллион теңгеге жақындаған ұтыс ретінде тіркелді. Сол кездегі жеңімпаз ұтыстың пандемия кезінде туындаған елеулі қаржылық міндеттерін шешуге көмектескенін айтқан еді.

Айта кетсек, 2025 жылы Ұлттық "Сәтті Жұлдыз" лотереясында 15 пәтер мен 13 көлік ойнатылды. Ұтыстардың жалпы сомасы 25 601 319 877,52 теңге болды.

Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша 1 миллион теңгеден асатын ұтыстарға 127 адам қатысып, ақшалай сыйлықтардың иесі атанды. Осылайша, лотерея сыйлық қорының молдығын және қатысушылардың сенімін тағы бір мәрте ақтағандай.

Осы ретте биыл "Сәтті Жұлдыз" лотереясындағы ірі ұтыс иелеріне тоқталып өтсек.

Ерлі-зайыпты Абдурашид пен Нұржамал 20 маусымда ұлттық лотереяда 5 миллион теңге ұтып алды. Абдурашид 10 жыл бойы түрлі лотереяға қатысып келген, ал Нұржамал бұрын мұндай ойындарға сенбеген. Осылайша жұп бұл қаражатты үйлерін жөндеуге жұмсады.

Бұдан бөлек тамызда Қаскелең қаласының тұрғыны Серік те “Сәтті Жұлдыз” лотереясына қатысып, пәтерге ие болды. Ұтыс туралы естігенде ол бірден қуанып асыр салмаған, себебі қазір алаяқтар өте көп екенін естіп, абай болуды жөн санаған. Лотерея кеңсесінен шыққан соң Серік қуанышын жұбайымен бөлісіп, қуаныштарында шек болмады. Жеңімпаз пәтерді ақшалай сыйлыққа айырбастап, отбасымен демалысқа шығуға және үйге қажет заттарды алуға ниет білдірді.

Сонымен қатар қазан айында қазақстандық келіншек Марфұға “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясынан жаңа көлік пен ақшалай сыйлық ұтып алды. Ол үш-төрт жылдан бері лотереяға қатысып келген, бұған дейін кішігірім ұтыстардың да иесі атанған. Жеңістен кейін Марфұға көлікті қызына беріп, ақшаны отбасылық демалысқа жұмсады. Ол лотереяда жеңістің бақ пен сенімге байланысты екенін атап өтіп, басқаларға да өз бағын сынауға кеңес берді.

Айта кетейік, Жаңа жылға арналған TeleBingo арқылы "Жаңа жылдық Тойбастар" акциясы ұйымдастырылмақ. "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы TeleBingo-мен бірге мерекелік көңіл күйді жалғастырып, 2025 жылдың 1 желтоқсанынан 2026 жылдың 4 қаңтарына дейін "Жаңа жылдық Тойбастар" арнайы акциясын өткізеді.

Акция барысында 1 000 000 теңгеден тұратын 50 ақшалай сыйлық ойнатылады. Жалпы сыйлық қоры – 50 миллион теңге.

Қатысу шарттары:

  • Билетті сатып алғанда кемінде 7 TeleBingo билетін 4 900 теңгеден алу қажет;
  • Қатысушылар Player ID арқылы міндетті түрде авторизациялануы тиіс;
  • 4 900 теңгенің толық санына сәйкес әр чек автоматты түрде бірегей нөмірге ие болып, ұтысқа қатысады;
  • Қосымша тіркелу қажет емес.

Маңызды ескерту: Player ID арқылы авторизацияланбаған сатып алулар акцияға қатыстырылмайды. Билеттерді сатып алған кезде фискальдық чек пен билеттерді сақтау қажет. Соңғы ұтыс 2026 жылдың 4 қаңтарында негізгі TeleBingo тиражынан кейін өтеді. Ойынның тікелей трансляциясы "31 арнада" және "Сәтті Жұлдыз" ресми YouTube арнасында көрсетіледі.

жарнама құқығында

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 20:09