2025 жылдың жабайы табиғаттағы ең күлкілі фотосы анықталды
Фото: The Comedy Wildlife Photography Awards / Mark Meth Cohn
Nikon Comedy Wildlife Photography Awards 2025 байқауының жеңімпазы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл “Ең күлкілі фото” атағын Руандаде түсірілген горилла баласының “Дай пять” (Бесті бер) деп аталатын суреті иеленді.
Жеңімпаз суретті Ұлыбритания фотографы Марк Мет Коэн түсірген. Ол әріптестерімен бірге Руандадағы Вирунга тауына барып, гориллаларды табиғи ортасында түсіруді мақсат еткен. Экспедиция кезінде олар Амахоро деп аталатын белгілі приматтар тобын кезіктірген.
Коэннің айтуынша, гориллалар тыныш алаңқайда тамақтанып жатқан, ал олардың балалары жан-жақты ойнап жүрген.
“Балалардың бірі ерекше белсенді болды: айналып, жерде домалап, аяқтарын жоғары лақтырып, акробатикалық өнерін көрсеткісі келгендей әрекет етті. Сол сәт менің кадрыма дәл түсті”, – дейді фотограф.
Ол сондай-ақ жас горилланың ойнақы мінезін объектив арқылы дәл жеткізе алғанына қуанышты екенін айтты.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2025 жылғы байқауға 109 елден 10 мыңнан астам жұмыс қабылданған. Бұл – конкурс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетейік, 2024 жылы байқаудың бас жүлдесін италиялық фотограф Милко Маркетти түсірген діңгектен шыға алмай қалған тиіннің суреті алған еді.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты