Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша республикалық бюджеттің кірістері:

  • 2025 жыл – 15,6 трлн теңге (26,3 млрд доллар);
  • 2026 жыл – 16,7 трлн теңге (34,9 млрд доллар);
  • 2027 жыл – 18,2 трлн теңгені (38,1 млрд доллар) құрайды деп жоспарланған.

2023 жылы республикалық бюджет кірістері жоспардың 99,3% орындаса, 2024 жылы бұл көрсеткіш әзірге 78,9% болған. Мемлекеттік бюджет кірісі 2023 жылы жоспардың 102,7%, 2024 жылы 89,1% орындалған. Ал жергілікті бюджет кірістері жоспардың 111,5%, 2024 жылы 112,6%.

Ұлттық экономика вице-министрі Әмриннің айтуынша, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін негіз ретінде мұнай бағасы барреліне 75 доллар және доллар бағамы 470 теңге болатын базалық сценарий алынған. 

2025 жылы ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) нақты өсімі 5,6%, 5 жылдағы ЖІӨ орташа жылдық өсімі 5,4% болады деп болжанған. Заң жобасында экономиканың барлық салаларында өсім күтілетіні айтылған. Инфляция 2025 жылы 5,5-7,5%, 2026 жылы 5-6%, одан кейін 2027-2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді деп белгіленді. 



Қаржы вице-министрі Бейсенбекұлының айтуынша, 2025 жылға арналған кірістер 21,7 триллион теңге (45,4 миллиард доллар) деңгейінде болады болжанды. 2025 жылға трансферттерді есепке алмағандағы кірістер 15,6 триллион теңге (32,6 миллиард доллар) болады деп жоспарланған.

Заң жобасында халыққа әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтауды дамыту, өңірлерді қолдау сияқты бағыттарға басымдылық берілген. Мәселен, 2025 жылы тек әлеуметтік төлемдерге 6 триллион теңге (12,5 миллиард доллар) бөлінеді.

Жоғарғы есеп палатасының мүшесі Ардақ Теңгебаевтың айтуынша, кірістер 2024 жылға қарағанда жарты триллион теңгеге (1 миллиард долларға) аз болады деп болжануда. 2025 жылға арналған бюджет шығыстарының ұлғаюы 7% немесе 25,8 трлн теңгені (54 млрд доллар) құрайды, бюджет тапшылығы 14%-ға артады.

Оның айтуынша, бюджет тапшылығын жабудың бір жолы – несие. Жоғарғы есеп палатасының өкілі мемлекеттік қарыздың өсуі алаңдаушылық туғызатыны атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров 2025-2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын сынға алғаны туралы жазған едік. 

Талқылау