2024 жылы Еуразиялық банктің клиенттері 3 миллиардтан астам бонусқа ие болды
Еуразиялық банктің төлем карталарын ұстаушылар 2024 жылы күнделікті тауар сатып алу есебінен 3 миллиардтан астам бонусқа ие болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 миллионға көп. Рекордтық сомалар нарықтағы ең тиімді бонустық бағдарламалардың бірі арқасында қалыптасады, бұл әр тауар сатып алудан +35%-ға дейін бонус алуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Еуразиялық банк қазақстандықтарға айына 70 000-ға дейін бонус (карта түріне байланысты), ал бір жылда 840 000-ға дейін бонус алуға көмектеседі. Клиенттер бонустардың үштен бірінен астамын сүйікті "Супермаркеттер"-дегі, сондай-ақ "Авто" санаттарындағы тауарларға ақы төлеу арқылы алады. Бұл банк клиенттері күнделікті тауар сатып алу үшін банк карталарын пайдаланатындығын білдіреді.
2024 жылы танымал санаттардың рейтингі төмендегідей болды:
1 орын. "Супермаркеттер".
2 орын. "Авто" (жанармай құю станциясы, ТҚС, көліктұрақтар, автокөлік бөлшектері дүкендері, такси, көлік жуу және т.б.).
3 орын. "Киім және аксессуарлар".
Клиенттерге ұнайтын басқа санаттардың ішінде "Денсаулық" санаты күзде айтарлықтай өсті, ал жаз айларында "Мейрамханалар, дәмханалар", "Саяхат" және "Ойын-сауық" санаттары айтарлықтай сұранысқа ие болды.
Сіз өзіңіздің сүйікті санатыңызды айына бір рет Smartbank мобильді қосымшасынан таңдап, өзгерте аласыз.
Клиенттер супермаркеттерде болсын, дәріханаларда болсын, тауар сатып алуды қай жерде жасағанына тәуелсіз - әрбір транзакция қосымша табыс әкеледі.
Клиенттердің бонустары қалай жинақталады?
- Кез келген онлайн тауар сатып алу үшін — 1% бонус.
- Смартфон (Apple Pay/ Samsung Rau / Google Pay/ Garmin Pay) арқылы тауар сатып алу және қызмет ақысын төлеу үшін — 2% бонус.
- "Ойын-сауық" санаты үшін — 30% бонус және басқа санаттар (Супермаркеттер, Авто, Мейрамханалар, Киім және аксессуарлар, Денсаулық, Саяхат) бойынша 2%-ға дейінгі бонустар
- депозиттегі қалдықтар үшін 2%-ға дейінгі бонустар*.
Банк карта ұстаушыларға қосымша түрде төмендегілерді ұсынады:
- Туған күнге — 5% бонус.
- Алғашқы қолма-қол ақшасыз операция үшін — 500 бонус.
Мысалы, егер сізде сүйікті "Супермаркеттер" санаты орнатылған болса, онда сіз 5%-ға дейін бонус ала аласыз. Оның ішінде: Apple Pay / Samsung Рay / Google Pay/Garmin Pay төлемдері үшін - 2% бонус, тауарды онлайн сатып алу үшін — 1% бонус және депозиттегі қалдықтар үшін — 2%-ға дейінгі бонус*.
Бонустардың максималды санын алу үшін төмендегіі лайфхактарды пайдаланыңыз:
- Ай сайын "Сүйікті санат"-ты таңдаңыз. Бұл бонустық теңгерімді арттырады және жоспарланған шығындарға икемді бейімделуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер сіз саяхаттауды жоспарласаңыз, "Саяхат"-ты сүйікті санат ретінде орнатыңыз, егер автокөлік шығындары күтілсе — "Авто"-ны таңдаңыз.
- Тауар сатып алуды премиум карталармен төлеңіз. MasterCard World Black Edition, MasterCard World elite, Visa Infinite немесе Visa Signature карталарын ашыңыз. Осылайша сіз көбірек бонус ала аласыз.
- Картаны смартфонға тіркеп қойыңыз. Тауар сатып сатып кезінде Apple Pay/ Samsung Pay/Google Pay/ Garmin Pay төлеу арқылы сіз +2% кепілдендірілген бонус ала аласыз.
- Еуразиялық банкте депозит ашыңыз. Депозиттік пайыздардан басқа, сіз әрбір тауар сатып алу үшін +2% бонус ала аласыз.
- Отбасылық тиімділікті пайдаланыңыз. Бір карта бойынша бонустардың максималды мөлшері — айына 30 000-нан бастап 70 000-ға дейінгі бонусты құрайды. Егер әрбір жұбайдың өз картасы болса, бұл бонустарды екі есе арттырады және бір отбасына айына 140 000 бонус береді. Сонымен қатар, әркімнің өз "Сүйікті санаты" болуы мүмкін. Мысалы, біреуі үшін — "Авто", ал екіншісі үшін - "Ойын-сауық" .
- Банктің акциялары мен арнайы ұсыныстарын сілтеме бойынша қадағалаңыз.
Егер сізде Еуразиялық банк картасы болмаса, осы жерден тапсырыс бере аласыз.
Сіз бонустық бағдарламамен сілтеме бойынша таныса аласыз.
Депозит бойынша қосымша бонус клиенттің-жеке тұлғаның депозиттерінде 1 500 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін (1% бонус) немесе тиісті retail-операцияның жасалуына үш жұмыс күні қалғанда 5 000 000 теңгеден жоғары (2% бонус) жиынтық сома болған кезде retail-операция үшін қолданылады.
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы