Әлемдегі ең танымал туристік бағыттар белгілі болды
Фото: depositphotos.com
Mastercard Экономикалық Институты (MEI) 2025 жылға арналған жаһандық Travel Trends есебін жариялады. Туристік шығындарға жасалған талдау нәтижесінде 2024 жылдың ең танымал туристік бағыттары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дубай, Стамбул және Мекке — 2024 жылы ең көп турист қабылдаған қалалардың үздік ондығына енді. Жалпы алғанда, Еуропаның 66 қаласы әлем бойынша ең танымал 100 туристік бағыт қатарынан көрінді.
Стамбул гастрономиялық туризмнің астанасына айналды. 2024 жылы бұл қаладағы бір ғана орташа мейрамханаға 67 түрлі елден турист келген. Сонымен қатар, Доха, Дубай, Марракеш және Кейптаун да гастрономиясы арқылы ерекшеленетін қалалар қатарында.
Африка елдері табиғатпен үндес туризмнің флагманына айналуда. Туристердің ұлттық парктердегі шығындары бойынша Оңтүстік Африка (23,3%) мен Замбия (15,5%) алда келеді. Ал Намибия, Ботсвана және ОАР – табиғи спа-демалыс пен экотуризмнің ең танымал бағыттары ретінде танылды. Кения бұл салада белсенді дамып келеді.
Сауд Арабиясы туризмнің жаңа орталығына айналуда. Жидда мен Эр-Рияд қалаларына келушілер саны 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Елдегі реформалар, инфрақұрылым мен ірі жобалар демалыс пен іскерлік туризмнің дамуына түрткі болуда.
Жаз мезгілінде Египеттің Хургада және Шарм-эш-Шейх қалалары әлем туристері үшін ең көп таңдалатын 15 бағыттың қатарына кіреді деп күтілуде.
Бизнесмендер аймақтық сапарларды жиі таңдай бастаған. Геосаяси тұрақсыздық пен қашықтан жұмыс істеу үлгісінің кеңеюі мұндай тенденцияны тудырған. Дегенмен, Ұлыбритания компанияларының шығыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне деген қызығушылығы артып, Еуропа ішіндегі сапарларға бөлінетін қаражат азайған.
Спорттық туризм – 2024 жылғы басты трендтердің бірі. Мысалы, Лондондағы Чемпиондар Лигасының финалы кезінде туристік шығындар күрт артқан. Бұрынғымен салыстырғанда неміс туристері — 61%, испан туристері — 148% көбірек қаражат жұмсаған.
Валюта бағамдарының өзгеруі де саяхат шешімдеріне әсер етуде. Жапон иенасының юаньға қатысты арзандауы Қытай туристерінің ағынын 1,5% арттырған. Жаңа Зеландия мен АҚШ-тан келген туристердің небәрі 0,2% артқан.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанға ең көп турист қай елден келетінін жазғанбыз.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
