Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2023 жылы құжаттардың құны қалай өзгереді

Stan.kz тілшісі 2023 жылдан бастап жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі, некені тіркеу куәліктері секілді құжаттардың бағасы қанша теңге болатынын зерттеп көрді. 

2023 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері ұлғайып, 3 450 теңге болады. Осыған байланысты құжат жасау қызметінің де бағасы өзгермек.

2023 жылы құжаттарды алу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері қандай болады? 

Төлқұжат құны 8 АЕК – 27 600 теңге.

Жеке куәлік құны 0,2 АЕК – 690 теңге.

Жүргізуші куәлігі құны 1,25 АЕК –  4 312 теңге.

Ал Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ актінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру шығыны 0,5 АЕК  – 1 725 теңге 

Неке куәлігі  1 АЕК  –3 450 теңге. Ал неке туралы куәлікті қайта беру – 0,5 АЕК немесе 1 725  теңге.

Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж салығы 2 АЕК  – 6 900 теңге

2023 жылы Қазақстанда жеке куәлік немесе төлқұжатты қалай онлайн алуға болады?

Егер сізге жеке басын куәландыратын құжатты немесе төлқұжатты ауыстыру бойынша қызметті алу қажет болса, оны қолданыстағы құжаттың берілген күні сәйкесінше 01.01.2015 немесе 01.01.2010 дейін болған жағдайда ғана онлайн режимінде жасай аласыз.

Егер сіздің құжатыңыздың мерзімі өтіп кеткен болса немесе сізге тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту қажеттілігі туындаса  "Азаматтарға арналған үкіметтің "мемлекеттік корпорациясы" немесе тікелей қатысатын уәкілетті органға жүгінуге тура келеді.

Сондықтан жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін төлқұжат пен жеке куәлікті ауыстырған дұрыс.

Қызметті онлайн алу үшін алдымен порталға кіріп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу қажет. Әрі қарай, өтінішті толтырып, оған QR қол қоясыз. Соңында, өтінішке құжаттарды қосып, өтінімге фотосуретті жүктеп, мемлекеттік баж салығын төлеңіз.

2023 жылы Қазақстанда жеке куәлік және төлқұжат алу бойынша қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың кейбір санаттары Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәліктерін беру кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатынын хабарлады. Мұндай санатқа мыналар жатады:

  • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері атағы барлар;
  • Үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Epi" атақтарымен марапатталған адамдар;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күміс алқа"алқамен марапатталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар; 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген  адамдар. Мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек, мүгедек баланың ата-аналарының бірі;
  • Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар; 
  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде және интернаттарда тұратын балалар;
  • Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар. 
Талқылау