2023 жылы ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжам жасады
Ресейдегі WWF Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры климаттық бағдарламасының директоры Алексей Кокорин 2023 жыл 2022 жылға қарағанда жылы болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бәрі Тынық мұхитындағы ағыстардың күйіне, Эль-Ниньо (мұхит беті температурасының аномальді жоғарылауы) және Ла-Нинья (мұхит беті температурасының аномалиялық төмендеуі) құбылыстарына байланысты болады.
Осы болжам бойынша 2020 жыл өте жылы болды, 2021 жылы суық болған болатын.
"2023 жылдың басында Ла Нина фазасы, яғни суық фаза жалғасады. Бірақ содан кейін, жылы фаза басталады. Сондықтан, 2023 жыл жылы болуы мүмкін", - деп ескертті ол.
Синоптик алдағы онжылдықта, оның ішінде 2023 жылы ауа райының қолайсыз оқиғалары жиі болатынын айтты. Оның айтуынша, ауа райының ауытқулары алдыңғы он жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп болады.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін