Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал

Қараша айында мақсатына жетуде табандылық танытатын, белсенді әрі сабырлы жұлдыз белгілерін көптеген жағымды өзгеріс күтіп тұр. Бұл кезеңге арналған жұлдыз жорамал барлық жұлдыз белгісіне әр істе белсенділік танытуға кеңес береді. Сонда табысқа жетіп, қиындықтардан құтыласыз. Stan.kz ақпарат агенттігі 2019 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынады. 

2019 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал

Тоқты

Қараша айы Тоқтылардың дені үшін жеңіл болмайды. Алайда тұрақты әрі өнімді ай болмақ. Бұл кезеңде аталған жұлдыз белгісінің белсенділігі төмендейді. Алайда осыған қарамастан қызметінде мансабы өсуінің керемет мүмкіндіктері пайда болады. 

Айдың алғашқы күндерінде Тоқтылар қаржылық қиындыққа душар болады. Олар жоспарламаған нәрсеге шығындалып, қалтасына айтарлықтай салмақ түседі. 

Тоқтылар үшін 4-18 қараша аралығы ең жағымды кезең болмақ. Жұлдызнамашылардың айтуынша, бұл жұлдыз белгісінің өкілдері қазан айынан бері бас қатырып келген мәселелерінің шешімін тауып, өмірінде жаңа кезеңді бастайды. 

Айдың екінші кезеңінде Тоқтыларға сабырлы әрі ұстамды болған жөн. Кез келген дау-дамай өзіңізге теріс әсер етіп, абырой-беделіңіз бен материалдық ахуалыңызға нұқсан келуі мүмкін.

Сонымен қатар бұл айда Тоқтылар сатқындық пен алдаудың құрбаны болуы мүмкін. Жұлдыз жорамал басыңызға түскен қиындықты ғана уайымадамай, уақытыңызды үйдегі шаруаларға және туыстарыңызбен қарым-қатынасқа арнауға кеңес береді. 

Айдың 28-інші жұлдызынан кейін Тоқтыларда барлығы жақсы болады. Жұлдыз белгісі өкілдерінің кейбірі тұрғылықты жерін ауыстырып, жаңа таныстар тауып, тіпті, отбасын құруды ұйғарады. 

Қараша айынша отбасылы Тоқтыларды тұрмыстық және бала тәрбиесіне қатысты машақат күтуде. Ал жалғызбасты Тоқтылар қызықты тұлғамен танысады. 

Торпақ

Торпақтар үшін қараша айы өнімді ай болмақ. Бұл кезеңде аталған жұлдыз белгісінің көптеген өкілі демалуға уақыт тауып, тыныға алады. Сонымен қатар бұл серіктестікті дамытуға, күрделі мәселелерді шешуге және жаңа жұмысқа ауысуға қолайлы уақыт.

Айдың 4-18 күндері аралығында Торпақтардың айы оңынан туып, кез келген мәселені оңай реттей алады. Себебі айналасындағылар жылықабақ танытып, тіпті, тұйық серіктестерінің өзі байланыс құруға қарсы болмайды. 

Ал қарашаның екінші жартысында аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне жаңа қарым-қатынас пен түбегейлі өзгерістерге дайын болу керек. Бұл ретте жұлдыз жорамал өз шешіміңіздің дұрыстыған күмәнданбауға кеңес береді. 
Жұлдызнамашылар 20-25 қараша аралығында Торпақтарға қызуқандылық танытпауға және ашуға бой алдырмауға кеңес береді. Керісінше жағдайда, жұмысыңызда және отбасыңызда басыңыз дауға қалуы мүмкін. 

Айдың соңында бұл жұлдыз белгісінде қарым-қатынаста жіберген қателіктерін түзеп, араласпай кеткен адамдармен байланысты қалпына келтіріп, айналасында құрметке ие болуға мүмкіндік туындайды. 

Ал айдың соңғы күндері махаббат хикаялары мен романтикалық кездесулер үшін қолайлы болмақ.

Егіздер

Қараша айы көптеген Егіздер үшін тұрақты, үйлесімді уақыт болады. Айдың басында аталған жұлдыз белгісінің өкілдері кез келген қиын тапсырмаларды атқарып, ұжымдағы беделін арттыра алады. Десе де кейбіріне бір уақытта бірнеше жұмыспен айналысуға тура келеді. Өз кезегінде бұл күш-қуатының азайып, шаршауына алып келеді. 

5-16 қараша аралығында Егіздер қиын жағдайларда өзін жақсы қырынан көрсетіп, басшылықтың көзіне түседі. Бұл кезеңде оларда қызметіне байланысты қызықты әрі болашағы зор ұсыныстар пайда болады. Жұлдызнамашылар бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес береді. Себебі мансабыңыздың өсуі мен материалдық ахуалыңыздың жақсаруына алып келеді, дейді. 

Ал Егіздердің кейбірі жұмысын, ұжымын, тіпті, қызмет саласын ауыстыруға бел буады. 

Қараша айында жалғызбасты Егіздер қарсы жыныс өкілдерінің назарында болады. Оларды романтикалық кездесулер, жағымды кештер күтеді. Сонымен қатар жанына жақын адамын тауып, отбасын құруды ұйғаруы да ғажап емес.

Ал отбасылы Егіздердің қызғанышқа бой алдырмағаны жөн. Жұлдыздар жұбайыңызбен жақсы қарым-қатынаста болып, оны еркелетуге кеңес береді. 
Күздің соңғы айы Егіздерге табысты кезеңнің басы болмақ. Десе де денсаулығыңызға мән беріп, жылы киінуді естен шығармаңыз. 

Шаян

Қараша Шаяндар үшін ең сәтті айлардың бірі болады. Бұл уақытта аталған жұлдыз белгісінің өкілдерінің бойы күш-қуат пен шығармашылық бастамаларға толады.

Қараша айының алғашқы жартысы – Шаяндардың өміріндегі маңызды кезең. Дәл осы уақытта өмірін жақсы жаққа өзгертудің мүмкіндігі туады.
Ал 5-16 қараша аралығы айтарлықтай жағымды кезең болмақ. Шаяндардың денінде көптеген қызықты идея пайда болады. Сонымен қатар қызметі мен шығармашылықта өзін көрсете алады. 

Қараша айында Шаяндардың мақсаты мен көзқарасы өзгереді. Көбі қызмет саласын ауыстырып, бойындағы жасырын талантына назар аударып, стилі мен имиджін өзгертеді. Ал айдың ортасында материалдық ахуалы жақсарып, беделі артып, романтикалық қарым-қатынасты бастайды. Бұл қатынас сезімге толы болғанымен, қаншалықты ұзаққа созылатыны Шаяндардың өздеріне байланысты. 

Айдың соңында аталған жұлдыз белгісінің өкілдері ерікті қызметімен және қайырымдылықпен айналысқысы келеді. Сондай-ақ, олар өздерін қызғанатын және жамандық тілейтін адамдармен бетпе-бет кезедеседі. 
Сонымен қатар бұл айда Шаяндар жарақаттануы мүмкін. Сондықтан жұлдыздар сақтық танытуға кеңес береді. 

Ал айдың соңында иммунитетіңізді күшейутге мән бергеніңіз абзал. Керісінше жағдайда, суық тигізіп, тұмауратуыңыз мүмкін. 

Арыстан

Қараша айы Арыстандарға қиындықтар алып келеді. Бұл айда аталған жұлдыз белгісінің өкілдеріне сабырлық танытуға тура келеді. 
Күздің соңғы айында Арыстандарға эмоциясын бақылап, ашуға бой алдырмай, ақылға жеңдірген жөн. Жұлдыздар кез келген шешім қабылдар алдында әбдең саралап алуға кеңес береді. 

Айдың алғашқы он күні  Арыстандарға қиын тиіп, күш-қуатын сарқуы мүмкін. Бұл кезеңде жұмысында басшылықпен, әріптестерімен және серіктестерімен кикілжіңге келуі ықтимал.

Ал айдың ортасында қалтаңызға аз-маз ақша түсуі мүмкін. Десе де материалдық ахуалыңыз үнемдеуді талап ететін болады. 

Қарашаның соңында аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің кейбірі шаршап, тынығуды қалайды. Жұлдыздар мұндай күйден арылып, көңіл-күйді жақсарту үшін үйдегі жиһаздардың орнын өзгертіп, қызықты хобби тауып, көбірек ұйықтауға кеңес береді. Сонымен қатар айдың соңғы күндері жақын адамдарыңызға сабырлықпен қарағаныңыз жөн. Жаман ойлар мен бойыңызды кернеген ашумен күресуге тырысыңыз. Керісінше жағдайда туыстарыңызбен арадағы ұрыс үлкен дауға ұласып, тіпті, қарым-қатынастарыңыз үзілуі мүмкін. 

Қараша айында Арыстандарға денсаулығына мән берген абзал. Бұл кезеңде иммундық жүйеңіз және асқазаныңызға қатысты қиындықтар пайда болуы ықтимал.

Бикеш 

Қараша айы Бикештер үшін қызықты, түрлі идея, ұсыныс және жаңа мүмкіндіктерге толы ай болады. Айдың алғашқы он күнінде жаңа білім мен таныстыққа деген құштарлығы артады. Сонымен қатар білім беру және зияткерлік істерінде өзін көрсету мүмкіндігі туындайды. Бұл айда аталған жұлдыз белгісінің өкілдері еңбегінің жемісін көріп, нәтижесінің жақсы болғанына қуанады. 

Күздің соңғы айының ортасында Бикештер түрлі қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар жұлдызнамашылар олардың танымалдығы мен беделі артып, тағдырдың жағымды тосынсыйларына ие болатынын айтады. 

Қараша айының соңында Бикештерді махаббат шабыттандыратын болады. Бұл кезең естен кетпес кештерге, романтикалық кездесулерге толы болмақ. Жалғызбасты Бикештер өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ көтеру туралы шешім қабылдайды. Ал аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің кейбірі сүйіктісін кешіріп, қарым-қатынасты қайта бастауға күш табады. 

Айдың соңғы күндері жұмысын ауыстыру және жылжымайтын мүлік сатып алуға қолайлы болады. 

Жұлдыздар Бикештерге қараша айында асқазан, ішек пен бауырдың саулығын сақтау үшін, шылым шегуден бас тартып, емдәм ұстануға кеңес береді. 

Таразы

Қараша – Таразылар үшін ең сәтті айлардың бірі. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдерін жеке өмірінің жақсаруы, табыс пен мансабының жоғарылауы күтіп тұр.

Айдың бірінші жартысы серіктестік пен жаңа серіктестер табуға қолайлы. Бұл кезеңде Таразыларға сәтті ұсыныстар түседі. Өз кезегінде жұлдыздар бұл ұсыныстардан бас тартпауға кеңес береді. Сонымен қатар жаңа идеялар мен мүмкіндіктер аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне өзінің білімі мен тәжірибесін толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.

Қарашаның екінші жартысында Таразылардың психология мен анализге қызығушылығы пайда болады. Бұл айналасындағылармен қарым-қатынасын жақсартып, өткен қателіктерін түсінуге көмектеседі.

Қараша айында аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің өткен шақта қалған сезімдері оянып, бұрынғы қарым-қатынасын қайтарғысы келеді. Егер бұрынғы сүйіктісімен өзін дұрыс ұстап, кемшіліктерін бетіне басуды доғарса, қарым-қатынасы реттеледі, дейді жұлдызнамашылар. 

Ал отбасылы Таразыларды тұрмыстық машақат күтіп тұр. Сонымен қатар бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойынана алуға тура келеді. 
Қараша айында Таразыларға денсаулығына мән беріп, өмір салтын өзгерткен жөн. Жұлдыздар дұрыс тамақтануға, денесіне көп күш түсірмеуге және ұйқы тәртібін реттеуге кеңес береді.

Сонымен қатар хоббиді де естен шығармаңыз. Театр, көрме және концерттерге жиірек барыңыз. Бұл жақсы таныстар тауып, болашақта мансабыңыздың өсуіне ықпалын тигізеді.

Сарышаян

Қараша – Сарышаяндар үшін биылғы жылдағы ең сәтті әрі табысты ай. Бұл айда күш-қуаты тасып, рухани байып, табысқа жетіп, айналасындағылардың құрметіне ие болады. 

Сарышаяндардың мансабы үшін ең жағымды әрі жайлы уақыт – 10-25 қараша аралығы. Бұл кезеңде аталған жұлдыз белгісі өкілдерін қызықты идеялары мен жобаларды жүзеге асыра алады. Сонымен қатар басшылықтың көзіне түседі. 

Жұлдыздар бұл айда атқарылған жұмыс Сарышаяндардың қызметіндегі және қоғамдағы қызметіне оң әсер ететінін айтады. Сондай-ақ. Бұл уақыт түбегейлі өзгерістер үшін қолайлы.

Айдың соңында аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне эмоциясы мен тіліне ие болғаны дұрыс. Себебі бұл кезеңде жоқ жерден дау туындау қатері жоғары. Осыған байланысты Сарышаяндарға сабырлық танытып, туыстары мен жақындарының талаптарына түсіністікпен қараған жөн.

Қараша айы Сарышаяндарға жағымды тосынсың алып келеді. Дәл осы айда аталған жұлдыз белгісінде дүниеге келген әйелдер құрсақ көтеруі мүмкін. Ал бойдақ Сарышаяндар жақсы адамды жолықтырып, өмірі өзгереді.

Жұлдыздар денсаулығыңызға мән беріп, аз ашулануға кеңес береді.

Мерген

Қараша айы Мергендер үшін түңілуге толы болады. Сонымен қатар осы айда көп мүмкіндікті жіберіп алуы мүмкін. Жұлдыздар бұл кезеңде тәуекелге бел бумауға және әр нәрсені ойланып жасауға кеңес береді. 

Күздің соңғы айында аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне үзіліс жасап, демалған дұрыс.

Айдың алғашқы жартысында Мергендер өздерін жайсыз сезініп, барлығынан күмәнданатын болады. 

Олар үшін ең нәтижелі әрі табысты кезең – қараша айының ортасы. Бұл кезде Мергендерге табандылық танытып, мінезін көрсете білген жөн. Сонымен қатар бұған дейін бастаған істерің соңына жеткізіп, қордаланып қалған мәселелердің шешімін таба алады.

Қарашаның соңында Мергендер үлкен істерді атқару үшін күш-қуат табады. Олар жаңа жұмысқа орналасып, мансабы жоғарылап, тіпті, лотоереяда ұтысқа кенелуі мүмкін. 

Айдың соңғы күндерінде аталған жұлдыз белгісі өкілдерінде шығармашылық кезең басталып, жаңа жобалар үшін ерекше идеялар пайда болады. Сонымен қатар Мергендер өзін өзгертуді, жағымсыз ойлардан, негізсіз үрейден арылуды ұйғарады. 

Сонымен қатар жұлдыздар бұл айда Мергендердің махаббатта жолы болатынын айтады. Сүйікті адамыңызды жиі еркелетіп, тосынсыйлар жасаңыз. Бұл оның ашылуына және өзінің сізге керек екенін сезінуіне көмектеседі.

Ал бойдақ Мергендер жұмысындағы әріптесімен көңіл жарастыруы мүмкін. Алайда бұл қарым-қатынас ұзаққа созылмайды.

Тауешкі

Қараша – Тауешкілер үшін тұрақты әрі сәтті ай. Бұл уақытта жұмысын, қарым-қатынасы мен ойын реттеуге мүмкіндік туындайды. Айдың алғашқы он күнінде Тауешкілердің кәсібилігі сұранысқа ие болып, ескі идеяларын жүзеге асыра алады. Сонымен қатар өздерін жақсы көмекші ретінде көрсетіп, ұйымдастырушылық қабілетін танытады. 

Айдың екінші он күнінде Тауешкілердің жұмысындағы бедел артады. Кейбірінің мансабы жоғарылайды. Бұл кезең келісімшарт жасап, серіктестер мен демеушілер іздеуге қолайлы болады.

Айдың үшінгі он күдігінде аталған жұлдыз белгісі өкілдері туыстарынан жиі шағым ести бастайды. Десе де жұлдыздар сабырлық танытып, ашуға берілмеуге кеңес береді. 

Ал қарашаның 25-жұлдызнан кейінгі кезең ең табысты әрі өнімді болады. Бұл уақыт Тауешкілерден белсенділік пен табандылықты талап етеді. 

Сонымен қатар жұлдыздар жалғызбасты Тауешкілердің жанына жақын адамын тауып, махаббат әуресіне түсетінін айтады. Ал отбасылы Тауешкілер жеке өміріндегі қарым-қатынасын жақсарта алады. 

Қараша айында Тауешкілерде денсаулығына қатысты қиындықтар болмайды. Десе де жылы киініп жүргеніңіз дұрыс. 

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін қараша айы күтпеген жайттарға толы болады. Оларға күздің соңғы айында көптеген қиындықты еңсеріп, әдеттен тыс істермен айналысуға тура келеді. 

Аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің көбі үшін қараша айының алғашқы және екінші он күндігі анағұрлым өнімді болады. Бұл кезеңде қаржылық қиындықтарын шешіп алуға тырысқан жөн. Ал келісімшарт жасау, маңызды келіссөздер жүргізу, басшылықпен сөйлесу жалақыны көтеру туралы сөйлесуді 5-16 қараша аралығына қалдырғаныңыз абзал. Аталған уақытта сәттілік серік болып, айналаңыздағыларды дегеніңізге оңай көндіре аласыз. 

Бұл айда Суқұйғыштардың табысы артқанымен, қымбат заттар сатып алуға асықпағаны жөн. Жұлдыздар бұл уақытта сатып алған заттарыңыздың қалтаңызға салмақ түсіріп, өкіндіретінін айтады. 

Қарашаның 25-жұлдызынан кейін Суқұйғыштардың өмірінде түбегейлі өзгеріс орын алады. Аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің дені қоныс аударып, жұмысын, ұжымын өзгертіп, жаңа хобби тауып, туыстары мен достарына деген қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін. 

Сондай-ақ бұл айда бұрынғы сүйіктісін жолықтырып, өмірі өзгеруі ықтимал. 

Балықтар

Қараша Балықтар үшін 2019 жылдың ең сәтті әрі табысты айы болады. Бұл айда жаңа таныстар тауып, жалғызбасты Балықтар сүйіктісін жолықтырады. Сонымен қатар аталған кезең – саяхат пен демалыс үшін қолайлы уақыт.

Күздің соңғы айында Балықтар көкейде жүрген идеяларын жүзеге асырып, басшылықтың көзіне түсіп, айналасындағылардың құрметіне ие болады.
Ал айдың алғашқы және екінші он күндігі Балықтар үшін айтарлықтай маңызды әрі позитивті кезең болмақ. Бұл уақытта аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің танымалдығы мен айналасындағыларға ықпалы артады. Тіпті, кейбірі шетелден жақсы жұмыс табуы мүмкін. 

Қараша айында құрған кез келген қарым-қатынасыңыз бен жасаған келісіміңіщ 2020 жылға әсер етеді. Сондықтан жұлдыздар шешім қабылдағанда жан-жақты саралауға кеңес береді. 

Айдың соңында бұған дейін атқарған жұмыстарыңыз жемісін бере бастайды. Сонымен қатар қызметіңізде мансабыңыз жоғарылап, қоғамдағы беделіңіз артып, материалдық ахуалыңыз жақсарады. 

Бұл айда отбасылы Балықтардың қарым-қатынасы жақсарып, жеке өмірі жарқын әрі қызықты сәттерге толы болады. Десе де аталған айда өзгелермен артық сөйлесіп, әзілдеспегеніңіз жөн. Ал бойдақ Балықтар күздің соңғы айында бұрыннан таныс адамымен көңіл жарастыруы мүмкін. Олардың қарым-қатынасы жеңіл өрбіп, достықтық аз уақыт ішінде үлкен махаббатқа ұласқанын аңдамай қалу ғажап емес.

Қараша айында Балықтар күш-қуатқа толы болады. Десе де денсаулығыңызды күтіп, ауа райына сәйкес киінуге тырысыңыз.

Талқылау