2018 жылы Қазақстанда 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартпақ
2018 жылы Қазақстанда 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартады. Ірі кәсіпорындар тірі адамдарды роботтандырылған техникамен алмастырмақ. Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды сабырға шақыруда. Жұмыс барлығыңа жетеді, дейді министрліктегілер.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Шенеуніктер жұмыссыздық мәселесін шешу үшін азаматтардың басқа мамандық бойынша білім алуына жағдай жасамақшы. Мәселен, өмір бойы дәнекерлеуші болып жұмыс істеген азамат электриктің оқуын оқып, жұмыс іздей алады. Алайда жұмыстан шыққан азамат мамандығын ауыстырғысы келе ме, жоқ па, ол жағын шенеуніктер ескермеді.
Жұмыссыз жүргендерді азайтудың тағы бір тәсілі – электронды еңбек биржасын құру. Онда барлық жұмыссыздар тіркелетін болады. Телефон қосымшасы арқылы тұрғындар бос жұмыс орындарын қарастыра алады. Вице-министр Нұржан Әлтаевтың сөзіне сенсек, биыл 700 мың жаңа жұмыс орны ашылады екен.
Жұмыстан қысқартылған азаматтар үшін тағы бір мүмкіндік, штаттан шығып, әлеуметтік пакеттен айырылып, жеке кәсіпкер немесе ЖШС құрамында жұмыс істеу.
“Басқаша айтқанда, бұрын бір кәсіпорын ішінде департамент немесе нақты адамдар жұмыс істейтін. Ал енді олар: “Біз дайынбыз, енді осы адамдар біздің кәсіпорынға қызмет көрсететін компания құрсын, ал біз жыл сайын тапсырыс беріп отырамыз”, – дейді. Мысалы, тамақ жеткізу және тағы да басқа жұмыстар”, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін
Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады
Шенеунік екі жыл бойы енесінің коммуналдық қызметтерін бюджеттен төлеп келген
Астанада түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған (видео)