Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Сәуір айы барлық жұлдыз иелері үшін тосын сый әзірлеп қойды. Алайда бұл сый біреуді қуантса, екіншілерін мұңайтуы мүмкін. Десе де, жақсы жаңалықтар мен өзгерістер жетерлік. Stan.kz 2017 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.

1440679111_47366

Тоқты.

2017 жылдың сәуір айы тоқтыларға ерекше күш-қуат сыйлайды. Көктемнің ортасында олар бойларында ерекше сенімділіктің артқанын түсінеді. Жұлдыздар өз кезектерінде оларға жаңа іс бастауға кеңес береді. Ал шығармашылыққа жақындары тың идеялар ойлап табады. 20 сәуірден кейін қорықпастан алыс сапарларға немесе саяхатқа аттануыңызға болады. Барлығы ойдағыдай өткенін қаласаңыз, алдын ала жоспар құрастырыңыз. Мұнымен қатар, дәл қазір жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіретін уақыт.

Махаббат. Сәуір айының алғашқы бөлігінде сүйіктіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Венера сезімдеріңізге салқындық әкелуі мүмкін. Алайда мұны махаббаттың жоқтығымен шатастырып алмаңыз. Қарым-қатынастарыңызды нығайту үшін кинотеатрға, көрмелерге барып, романтикалық кездесулер ұйымдастырыңыздар. Отбасылы жандар да сүйіктілерімен қарым-қатынастарын ретке келтіре алады. Ал сүрбойдақтар әзірге сүйіктілерін таба қоймайды.

Қаржы. Сәуірдің 10-на дейін қорықпастан ауқымды жобаларды қолға алып, келіссөздер жүргізе беріңіз. Қаражатқа байланысты құжаттарды мамандарға қайта-қайта тексертіп отыруды ұмытпаңыз. Осылайша қиындықтарды алдын аласыз. Ал айдың екінші жартысында маңызды шешімдерді қабылдамағаныңыз дұрыс. Серіктестеріңіз алдап кетуі де ғажап емес. Айдың үшінші бөлігінде адам айтса нанғысыз табысқа кенелесіз.

Денсаулық. Сәуір айында ағзаңызды тазартқаныңыз жөн. Бүйрегіңізде ақау пайда болады. Бірден дәрігерге қаралып, оны емдетіңіз. Арасында «ораза» ұстап тұрсаңыз да болады. Ашығудың сіз үшін пайдасы мол болмақ. Үнемі күліп жүруді ұмытпаңыз.

Жағымды күндер: 1, 2, 11, 12, 20, 21, 29, 30 сәуір
Махаббат үшін жағымды күндер: 3, 4, 5, 13, 14, 15, 23, 24, 25 сәуір
Ақша үшін жағымды күндер: 3, 4, 5, 8, 9, 13, 14, 15, 18, 19, 23, 24, 25, 27 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 3, 4, 5, 18, 19, 25 сәуір

Торпақ.

Кез келген салада уақытша маңызды шешім қабылдамай қоя тұрыңыз. Құжатқа қол қоймаңыз, қымбат заттар сатып алмаңыз. Ауқымды жобалардың уақыты келмеді. Көктемнің ортасына қарай өзіңіз толықтай сенім артқан адамға алданып қалуыңыз мүмкін. Мұнымен қатар, әзірге шетелге шықпай қоя тұрыңыз. Мұндай мүмкіндік болмаса, билеттің құны, тур туралы ақпаратты қайта-қайта тексеріңіз.

Махаббат. Сәуір айында сүйіктіңізді тәрбиелеуге деген құлшынысыңыз арта түседі. Бұл тілегіңіз оған кері әсерін тигізуі мүмкін. Кез келген адамның артықшылықтары мен кемшіліктері болуы мүмкін. Адамды шын сүйсеңіз, оны бар қалпында қабылдаңыз. Жұлдыздар керісінше өзіңізді түзетуге кеңес беріп жатыр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Бар болғаны шыдамдылық танытыңыз.

Қаржы. Сіз жақындарыңызды тәрбиелемек болсаңыз, тағдыр сізді тәрбиелей алмай әлек болып жүр. Бұл айда көп адам өзінің шыдамдылығы мен тұрақтылығын тексеруге мәжбүр болады. Басты қаруыңыз – салқынқандылық екенін ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, өзара жанжалдасып жатқан жандардың арасына түсудің қажеті жоқ. Ағымдағы айда қымбат зат сатып алуға құмартасыз. Десе де, несие алып қоюдан сақтаныңыз.

Денсаулық. Ағзаңызды толықтай тексертіп алыңыз. Жүйке жүйеңізді де қалыпқа келтіргеніңіз жөн. Күйзелістен арылуға шөп шайлар мен таза ауадағы серуендер көмектеседі. Мұныен қатар, жағымсыз жаңалықтарды көрмеуге тырысыңыз.

Жағымды күндер: 3, 4, 5, 13, 14, 15, 22, 23 сәуір
Махаббат үшін табысты күндер: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24, 25 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 3, 4, 5, 8, 9, 13, 14, 15, 18, 19, 23, 24, 25, 27, 28
Күйзеліске түсіретін күндер: 1, 2, 8, 9, 10, 16, 17, 29, 30 сәуір

Егіздер.

Сәуір айының 9-на дейін маңызды құжаттарға қол қойып, техника сатып алып үлгеріңіз. Қалған уақытта барынша сақ болыңыз. Меркурий саяхатқа, хаттар мен қарым-қатынасқа тікелей әсер етеді. Ауыр жол апатынан сақтану үшін көлігіңізді дер кезінде жөндетіп алыңыз. Шетелге немесе ауылға кеткенде, үйіңізді көршілерге табыстап кетіңіз.

Махаббат. Сезімдеріңізді ой елегінен өткізіп көріңіз. Жан-дүниеңізге кішігірім зерттеу жүргізген кезде ғана айналаңыздағылармен тіл табыса бастайсыз. Сәуір айында жарыңызбен, балаларыңызбен кез келген тақырыпта ашып сөйлесіңіз. Өзгелерді сынаудан аулақ болыңыз. Мұнымен қатар, жақындарыңызды тәрбиелеудің де қажеті жоқ. Отбасында біреу қателескен болса, осы қателік үшін толықтай жауапкершілікті алып, ары қарай жылжу қажет.

Қаражат. Айдың алғашқы бөлігінде маңызды құжаттарға қол қойып үлгеріңіз. Сәуір айының 10-нан кейін қаржыға байланысты белгілі бір қиындықтар туады. Мамандардың көмегіне жүгініңіз.

Денсаулық. Бұл айда сырт келбетіңізді өзгертуге асықпаңыз. Шаштаразға және тіс дәрігеріне мүмкіндігінше кейінірек барыңыз. Отаны мамыр айының 3-іне қалдырыңыз. Ағымдағы айда өзіңізді табиғи маскалармен, массажбен, жеңіл кремдермен қуантуыңызға болады. Диетаға отырып, арасында ашығып тұрыңыз.

Жағымды күндер: 6, 7, 16, 17, 25 сәуір
Махаббат үшін қолайлы күндер: 1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 13, 14, 15, 18, 19, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 1, 2, 8, 9, 11, 12, 18, 19, 22, 27, 28 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер:  1, 2, 8, 9, 10, 22, 23, 29, 30 сәуір

Шаян.

Ағымдағы айдың алғашқы бөлігінде өміріңізде белгілі бір өзгеріс болады. 15 сәуірге дейін жаңа жобаларды қолға алмай қоя тұрыңыз. Мұнымен қатар, жаңа таныстар тауып, романтикалық кездесулерге баруға асықпаңыз. Мүмкіндігінше эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Көңіл-күйіңізді түсіретін адамдардан бойыңызды аулақ салыңыз. Сүйіктіңізбен айырылысып кеткен болсаңыз, бұл үшін ешкімді кінәламаңыз. Мұны тәжірибе деп қабылдаңыз. 10 сәуірден кейін қызметтік іссапарларға, саяхаттарға бармаңыз. Артық әңгіме айтып қоймас үшін әр сөзіңізге абай болыңыз. Бұл айда бизнеске ақша салмаңыз.

Махаббат. Екінші жартыңызды іздеп әуре болмаңыз. Көңілшек адам екеніңізді өзіңіз де жақсы білесіз. Сол себепті бейтаныс адамдармен жолығудан сақтаныңыз. Ал отбасылы жандар сүйіктілеріңізге гүл немесе өзге де сыйлық табыстауды ұмытпаңыздар. Мұндай майда сыйлықтар сіздерге тек қуаныш сыйлайды.

Қаржы. Жарнама мен сауда-саттыққа қатысты іс бастаудан сақтаныңыз. Дұрысы қазіргі жобаларды жылдамырақ соңына дейін жеткізу. Айдың алғашқы бөлігінде қомақты қаржымен жұмыс істемегеніңіз жөн. Келісім-шарттарға да қол қоймай қоя тұрыңыз. Мұнымен қатар, жұмыстан шығып, жаңа жұмыс іздеуге асықпаңыз.

Денсаулық. Осы айда лимфа жүйесін тексертіңіз. Ол ағзадан токсиндерді, микробтарды, қажетсіз суларды шығарады. Көп қозғалмасаңыз, жағдайыңыз мүшкіл болуы мүмкін. Нәтижесінде денеңізде целлюлит пайда болып, көзіңіздің асты көгере бастайды. Ең жаманы, лимфа жүйесінің жұмысы бұзылса, аллергия пайда болады.

Жағымды күндер: 8, 9, 10, 18, 19, 27, 28 сәуір
Махаббат үшін қолайлы күндер: 3, 4, 5, 6, 7, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24, 25 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 1, 2, 8, 9, 11, 12, 18, 19, 20, 21, 22, 27, 28 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 3, 4, 5, 11, 12, 25 сәуір

Арыстан. 

Тың идеяларды жүзеге асырасыз. Бір қарағанда олар өзіңізге де орындалмайтындай болып көрінуі мүмкін. Жұлдыздар жаңашылдықтан қорықпауға кеңес береді. Өміріңізді түбегейлі өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз. Айдың алғашқы жартысында қымбат заттар сатып алмауға тырысыңыз. Әсіресе, электронды техниканы.

Махаббат. Сәуір айының 15-не дейін жаңа таныстықтардан сақтаныңыз. Олардың барлығы дерлік сіздің көңіліңізді қалдырады. Ал керісінше екінші жартысында Венера сізге табыс алып келеді. Ал отбасылы арыстандардың терең демалуларына рұқсат. Қиын күндердің барлығы артта қалды.

Қаржы. Бұл айда бизнеске араласудан сақтаныңыз. Әсіресе, компания директорлары мен кәсіпкерлер барынша сақтанғандары жөн. Мұнымен қатар, коммуникация саласында жүргендердің жолы болмайды. Есесіне бұрынғы таныстықтарыңызды жаңғыртып, қолда бар клиенттермен жақсы жұмыс істей аласыз.

Денсаулық. Жұлдыздар көзіңіз бен басыңызға сақ болуға кеңес беріп жатыр. Спорттың қиын түрлерімен айналысуға асықпаңыздар. Денсаулығыңызды самал желдің өзі нашарлатып жіберуі мүмкін. Сол себепті әрдайым бас киім киіп жүріңіз. Ал айдың екінші жартысында шашыңызды боятып, түбегейлі өзгеруден қорықпаңыз.

Жағымды күндер: 1, 2, 11, 12, 20, 21, 29, 30 сәуір
Махаббат үшін қолайлы күндер: 3, 4, 5, 7, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24, 25, 26 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 1, 2, 8, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 27, 28 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 6, 7, 13, 14, 15, 27, 28 сәуір

Бикеш.

Жұмысқа қатысты бар мәселені сәуір айының 10-на дейін шешіп қойыңыз. Отбасын құрып, некелесуге асықпаңыз. Шектен тыс белсенді болудан да сақтаныңыз.

Махаббат. Айдың алғашқы бөлігінде сүйіктіңізбен тіл табыса алмай қиналасыз. Қиындықтарға аса назар аудармауға тырысыңыз. Назарыңызды мүлдем басқа арнаға бағыттаңыз.

Қаржы. Ұзақ мерзімді келіссөздер жүргізіп, жұмыстан шығып кетуден сақтаныңыз. Мұның сізге еш пайдасы тимейді. Өміріңізді қиындатып алмас үшін маңызды шешімдердің барлығын мамыр айына қалдырыңыз.

Денсаулық. Дәл қазір ота жасататын уақыт емес. Оны келесі айға қалдырғаныңыз дұрыс. Шалыс басып қалмас үшін дәрігермен де, астролог маманмен де алдын ала келісіп алыңыз. Әсіресе бетіңізге пластикалық ота жасатудан сақтаныңыз. Орнына велосипед, жүгіру сынды спорт түрлерімен айналысыңыз.

Жағымды күндер: 3, 4, 5, 13, 14, 15, 22, 23 сәуір
Махаббат үшін табысты күндер: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24, 25 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 3, 4, 5, 8, 9, 13, 14, 15, 18, 19, 23, 24, 25, 27, 28
Күйзеліске түсіретін күндер: 1, 2, 8, 9, 10, 16, 17, 29, 30 сәуір

Таразы.

Жақындарыңыздан көңіліңіз қалмасын десеңіз, олармен бірге жұмыс істемеңіз. Қол қоюға хатшыңыз құжат ұсынса, оны жақсылап тексеріңіз. Кей тұстары сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін. Жаңа техника, телефон, компьютер дегендерді сатып алудан сақтаныңыз. Олар сізге уақыт өте келе ұнамай қалуы мүмкін.

Махаббат.  Сүйіктіңізді көп ренжіткеніңізді өзіңіз де білетін сияқтысыз. Жағдайды ретке келтіруге тырысыңыз. Осы сынақтан өтсеңіздер, махаббаттарыңыз мәңгілік болады. Егер жанжалдасудан босамайтын болсаңыздар, бұл сүйіктіңізді босатқаныңыз жөн.

Қаржы. Сәуір айында адамдармен қаншалықты тіл табыса алатыныңызға көз жеткізесіз. Өзгелермен қарым-қатынасыңыз жақсарған сайын қалтаңыз қалыңдай түседі. Бұл – табысқа жетуіңіздің басты ережесі болмақ. Жұлдыздар осы айда лайықсыз адамдардан құтылуға мүмкіндік береді. Шынайы достарыңыздың кім екенін анықтайсыз.

Денсаулық. Көктем ортасында түрлі анализ өткізіп, дәрігерге жүгірудің қажеті жоқ. Дәрігерлер сізге қате диагноз қоюы да ғажап емес. Сол себепті ажалыңызды жақындатып алудан сақтаныңыз. Көзіңіз бен басыңызға ерекше назар аударыңыз. Олар теледидар мен компьютердің алдында отырудан-ақ құртылуы мүмкін.

Табысты күндер: 6, 7, 16, 17, 25 сәуір
Махаббат үшін қолайлы күндер: 6, 7, 16, 17, 25
Ақша үшін табысты күндер: 1, 2, 8, 9, 11, 12, 18, 19, 20, 21, 27, 28, 29, 30
Күйзеліске түсіретін күндер: 3, 4, 5, 11, 12, 18, 19 сәуір

Сарышаян.

Бұл жолы тек өзіңізге сенуіңізге тура келеді. Басқа адамдар сіздің өміріңізге кедергі келтіретін болатын. Жалған құжатқа қол қоюдан сақтаныңыз. Сәуірде сатып алған техникаңыз сынық болуы мүмкін.

Махаббат. Сезім мәселесі толықтай шешіледі. Яғни дәл қазір сүйіктіңізбен қарым-қатынасты жалғастыру немесе босату туралы шешім қабылдайсыз. Бастапқыда жағдайыңыз қиын секілді көрінеді. Артынша дұрыс шешім қабылдағаныңызға көзіңіз жетеді. Сүймегеннің соңынан жүгіремін деп өзіңізді шаршата бермеңіз. Бірден басқа адамға ғашық болып кетемін деп те ойламаңыз. Оның сізге ләззат сыйламайтыны айдан анық.

Қаржы. Бұл ай дизайн, сұлулық, сауда, коммуникация саласында жүргендер үшін қиын болмақ. Сол себепті күнделікті жұмыстарыңызбен шектеле тұрғаныңыз жөн. Ұнжырғаңыз түспесін, мамыр айында барлығы ретке келеді.

Денсаулық. Айдың соңына дейін көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Демалысқа уақыт арнауды ұмытпасаңыз болғаны.

Жағымды күндер: 8, 9, 10, 18, 19, 27, 28 сәуір
Махаббат үшін қолайлы күндер: 3, 4, 5, 13, 14, 15, 23, 24, 25
Ақша үшін табысты күндер: 1, 2, 8, 9, 18, 19, 27, 28, 29, 30 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 6, 7, 13, 14, 15, 20, 21 сәуір

Мерген.

Өзіңіз күтпеген оқиғалар жүзеге асады. Бұл денсаулығыңыз бен қаржы мәселесіне қатысты айтылып тұр. Қандай ситуацияға тап болсаңыз да, ақшаңызды барынша үнемдеуге тырысыңыз. Сәуір айы сізді қобалжуға мәжбүрлейтін болады. Жүйке жүйеңізді сақтандырғыңыз келсе, дәрігерлерге бармаңыз. Олар сізге қате диагноз қоюы мүмкін.

Махаббат. Сүйіктіңізбен көп ренжісетін боласыз. Жүйке жүйеңіз әбден тозып, денсаулығыңыз нашарлайды. Сол себепті сүйіктіңізден уақытша алшақтауға тырысыңыз.

Қаржы. Транспорт саласында жұмыс істеп жүрген жандардың жағдайы барынша қиындай түспек. Сізге жала жабылып, бастығыңыз жұмыстан шығаруы мүмкін. Жерде жатқан асыл бұйымдарды алудан сақтаныңыз. Ауқымды жобаларға қарағанда, күнделікті жұмыстарыңызды жоғары деңгейде орындайтын боласыз.

Денсаулық. Сыртқы келбетіңізді мамыр айынан бастап қана өзгертіңіз. Бұл тек косметикалық процедураларға қатысты айтылып тұрған жоқ. Пирсинг, татуировка дегендерден де сақ болыңыз. Олар көңіліңізден шықпай, ақыры күйзеліске түсесіз. Одан да жан-дүниеңізді ретке келтіріңіз. Сіздің жастық шағыңыздың ұзаққа созылуы ұстамдылығыңызбен тікелей байланысты.

Табысты күндер: 1, 2, 11, 12, 20, 21, 29, 30 сәуір
Махаббат үшін қолайлы күндер: 1-5, 12-17, 22-25 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: -9, 16-19, 25, 27, 28 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 8-10, 16-17, 22-23 сәуір

Тауешкі.

Сәуір айында жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелердің барлығын реттейсіз. Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізуіңіз де ғажап емес. Қолыңызға қуат берсін дейміз! Десе де, үйге қажетті қымбат жиһаз сатып алмай қоя тұрыңыз. Әсіресе, айдың алғашқы бөлігінде. Жарнамаға да алданып қалмаңыз.

Махаббат. Сәуір айында жолыңыз болады. Қиялыңызда жүрген сүйіктіңізді жолықтырасыз. Тіпті жұмыста күнде ұрысып жүрген адамыңызбен көңіл қосуыңыз мүмкін. Бар болғаны мінез-құлқыңызды өзгертсеңіз, Баяныңызбен мәңгілік ғұмыр кешесіз.

Қаржы. Жолыңыз болғанымен, мол табысқа кенелесіз деп айта алмаймыз. Консалтинг, транспорт, сауда-саттық мәселесінде жағдайыңыз қиындайды. Бірақ бастаған жобаларыңыз осы айда өз мәресіне жетіп, сізге қуаныш сыйлайды.

Денсаулық. Жұлдыздар сізге де сырт келбетіңізді өзгертпеуге кеңес береді. Қымбат заттар сатып алу, стильді өзгерту дегендерді мамыр айының бірінші жартысына қалдырғаныңыз жөн. Сізге қойылған ауыр диагноздың қате болып шығуы да ғажап емес.

Жағымды күндер: 3, 4, 5, 13, 14, 15, 22, 23 сәуір
Махаббат үшін табысты күндер: 1, 2, 3, 4, 5, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 22, 23, 24, 25 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 6, 7, 8, 9, 16, 17, 18, 19, 25, 26, 27, 28 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 11, 12, 18, 19, 25 сәуір

Суқұйғыш.

Бұл айда алыс елдерге саяхаттауыңыз да ғажап емес. Бірі туған-туысқандарын араласа, екіншілері мұхит асып кетеді. Қандай жағдай болса да, серуен мен саяхаттан ләззат алатын боласыз. Жұлдыздар жол жүргенде абай болуға кеңес беріп жатыр. Сәуір айының алғашқы жартысында асығыс шешім қабылдамаңыз. Ал маңызды құжаттарға қол қоюды ұмытпағаныңыз жөн. Көп істі мамырдың басына дейін жеткізбей аяқтаңыз.

Махаббат. Сүйіктіңізбен ренжісетініңіз сөзсіз. Десе де, осы жанжалдардың арқасында шын мәнінде нені қалайтыныңызды түсінесіз. Қандай жағдай болмасын, сүйіктіңізбен қайта-қайта жолыға беруден сақтаныңыз. Адамды өзгертуге тырысудың пайдасы жоқ екенін ескеріңіз. Басқа адамғы бірден ғашық болып қаламын деп те ұмытпаңыз. Ол басталмай жатып аяқталуы мүмкін.

Қаржы. Бизнесті жүргізуде қиындықтар туады. Әсіресе транспорт, сауда, коммуникация саласында жүргендер үшін. Майда-шүйде жұмыстарды шетке ысырып, мақсатыңызға бір қадам жақындай түсіңіз. Шыдамдылық таныта білсеңіз, мамыр айында барлығы реттеледі.

Денсаулық. Сәуір айының алғашқы жартысында имиджіңізді өзгертуге асықпаңыз. Ақшаның бақытты алмастыра алмайтынына көзіңіз жетеді. Мұнымен қатар, міндетті түрде дәрігерге жолығыңыз.

Жағымды күндер: 6, 7, 16, 17, 25
Махаббат үшін табысты күндер: 1, 2, 3, 4, 5, 11, 12, 13, 14, 15, 20, 21, 22, 23, 24, 25 сәуір
Жағымды күндер: 6, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 18, 19, 24, 25, 27, 28
Күйзеліске түсіретін күндер: 13, 14, 15, 20, 21, 27, 28 сәуір

Балықтар.

Түбегейлі өзгеріп, өмірлерінің тізгінін қолға алады. Материалдық жағдайға қатысты қиындықтарды шетке ысырасыз. Өмірге деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертесіз. Десе де, жұлдыздар 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында сырт келбетке өзгеріс енгізбеуге кеңес беріп жатыр. Әлемнің сізге тек жақсылық жасайтынына көзіңіз жетеді.

Махаббат. Бұрынғы сүйіктілеріңіз сізді қайта еске алады. Сәуір айында бұрынғы сүйіктіңізбен көңіл қосуыңыз да ғажап емес.

Қаржы. Сәуір айының сізге әзірлеген тосынсыйлары аз. Еңбекқорлығыңыз бен төзімділігіңіз сізді қиындықтардан алып шығады. Жұлдыздар айдың алғашқы жартысында бас көтермей жұмыс істеуге кеңес береді. Бастығыңыз еңбегіңізді бағалап, қызметте жоғарылатады.

Денсаулық. Сіз де сәуір айында сыртқы келбетіңізге өзгеріс енгізбей қоя тұрыңыз. Табиғат анна бұл әрекетіңіз кешірмей қоюы мүмкін. Қазіргі таңда медицинаға мүлдем сенім артпағаныңыз жөн.

Жағымды күндер: 8, 9, 10, 17, 18, 26, 27 сәуір
Махаббат үшін табысты күндер: 1, 2, 8, 9, 13, 14, 17, 18, 21, 22, 28 сәуір
Ақша үшін табысты күндер: 1, 2, 3, 4, 5, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 23, 28, 29 сәуір
Күйзеліске түсіретін күндер: 6, 7, 13, 14, 19, 20 сәуір

Талқылау