Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдағы гонорары ең қымбат актриса анықталды

Forbes 2017 жылы гонорары ең қымбат болған актрисаларды атады. Тізім 16 тамыз күні басылым сайтында жарияланған.

em06032017-anons

Сонымен, 28 жастағы Эмма Стоун ең қымбат актриса деп танылды. Ол соңғы 12 айда бас-аяғы 26 миллион доллар табыс тапқан. Еске сала кетейік, қаңтар айында Эмма басты рөлді сомдаған «Ла-Ла Ленд» фильмі жарыққа шықты. Эмма аталған кинокартинадағы рөлі үшін «Оскар» жүлдесін жеңіп алды.

Екінші орын бір жылда 25,5 миллион доллар табыс тапқан Дженнифер Энистонға бұйырды. Басылымның хабарлауынша, актрисаның табысының басым бөлігі Emirates, Smartwater және Aveeno компанияларына жасаған жарнамадан түскен.

Ең қымбат актрисалар үштігін бір жылда 24 миллион доллар тапқан Дженнифер Лоуренс тәмамдайды. Актриса Dior брендін жарнамалаумен айналысады. Сондай-ақ, соңғы бір жылдың ішінде ол «Мама» және «Красный воробей» фильмдеріне түскен.

Алғашқы ондыққа Мелисса Маккарти, Мила Кунис, Эмма Уотсон, Шарлиз Терон, Эми Адамс, Кейт Бланшетт пен Джулия Робертс кірді. Ең қымбат актрисалардың бір жылдық табысы 172,5 миллион долларды құрады.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)

“Шықпасаңыз тамырымды кесемін”: Бір топ әншілер Алуа Қонарованың зәресін ұшырды (видео)

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Еркенің әнін рэппен толықтырған жігіт желіде “жұлдызға” айналды (видео)

Талқылау