Мемлекеттік емханаларда ВИЧ жұқтырған балаларға түпнұсқа препараттардың орнына аналогтары беріліп жатыр
2006 жылы мемлекеттік емханаларда АИТВ жұқтырған балаларға түпнұсқа препараттардың орнына олардың аналогтары беріле бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: "Балаларды ЖИТС-тен қорғау" қоғамдық қоры
Шымкентте адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) анықталған балалардың ата-аналары қатты алаңдаулы. Себебі, антиретровирустық терапияның негізін құрайтын кейбір брендтік препараттар биыл сатып алынбай қалуы мүмкін екені белгілі болды. Бұдан бөлек, 120 пациентке берілетін түпнұсқа дәрі-дәрмектер арзан баламаларымен (генериктермен) алмастырылған. Ата-аналар мұны қаражат үнемдеу әрекеті деп бағалап, өздерінің ұжымдық үндеуінде тек түпнұсқа препараттардың берілуін талап етті.
Бұл балалар 2006 жылғы мемлекеттік балалар ауруханасында салғырттқтан жаппай АИТВ жұқтырған. Қазір бұл балалар 18-20 жасқа жетті. Ата-аналары олардың денсаулығына алаңдаулы. Өйткені, 2010 жылы да осындай жағдай қайталанып, Zeffix препаратының тапшылығы туындаған болатын. Сол кезде ата-аналар денсаулық сақтау министрлігі мен "СК-Фармация" өкілдерімен кездесіп, дереу шешім қабылдауды талап еткен еді.
"Бір ай бұрын балаларымыздың көп жылдар бойы қабылдап жүрген үйреншікті дәрілері генериктермен ауыстырылғаны белгілі болды. Балалар кәмілет жасына толғандықтан, ЖИТС орталығына ата-аналарсыз шақырытыла бастаған. Артынша мұны ата-аналар естіп, шу шығарды. Кейбір балаларға бұрынғы препараттары берілген, кейірінікі ауыстырылған", – дейді "Балаларды ЖИТС-тен қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорының төрайымы Жаннета Жазықбаева.
Қазір "Балаларды ЖИТС-тен қорғау" қоғамдық қорында 267 бала тіркелген.
Ата-аналар балаларын емдеу режимінің өзгергенінен тек кейін ғана хабардар болған. Генериктік препараттарды қабылдаған науқастарда бөртпе, жүрек айнуы, әлсіздік және орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары секілді жанама әсерлер байқалған. Тіпті, бір жас жігіт ұйқысыздық пен күйзелістің салдарынан өз-өзіне қол жұмсау әрекетін жасаған.
Наразылықтың тағы бір себебі – дәрі-дәрмектерді ауыстыру шешімі қажетті анализдер, вирустық жүктеме деңгейі және терапияның тиімділігіне байланысты тесттер жүргізілмей қабылданған.
"Балалардың дәрі-дәрмектерін ауыстыру туралы медициналық қорытындыны көрген емеспін. Бұл алаңдатарлық жағдай, себебі әдетте мұндай өзгерістер тексерулер арқылы жүзеге асатын. Сондай-ақ, Қазақстанға биыл екі маңызды препараттың мүлдем жеткізілмейтіні туралы ақпарат алдық. Бірақ бұл мәселе неге алдын ала ескертілмеді?” – дейді Жазықбаева.
Қазақстанда антиретровирустық терапияға арналған дәрі-дәрмектерді бір орталықтан "СК-Фармация" сатып алады. Ереже бойынша, 18 жасқа дейінгі балалар мен АИТВ жұқтыру дерегі аурухана қабырғасында орын алған пациенттерге түпнұсқа дәрілер берілуі тиіс. Алайда, 2024 жылдың соңында төрт брендтік препарат "әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстары болмағандықтан" сатып алынбаған.
Тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Сайранкүл Қасымбекова Шымкент пен Түркістан облысына барып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
-
Қызылорда облысында ауыр босанған әйелге қан құю кезінде "ВИЧ" инфекциясын жұқтырған
-
Ауруханада ВИЧ індетін жұқтырып алған Шымкент тұрғыны 4 баланың әкесі атанды
"Қазақстан сатып алатын антиретровирустық терапияға арналған фирмалық препараттардың партиялары өте аз болғандықтан, өндіруші үшін оларды жеткізу тиімсіз", – деп түсіндірді Сайранкүл Қасымбеков.
Биыл GSK-GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясы Қазақстанға тивикай (Tivicay) және триумек (Triumeq) препараттарын жеткізуден бас тартқанын мәлімдеді. Олардың орнына Үндістанда өндірілген лицензиялы генериктер ұсынылды. Қасымбекованың айтуынша, пациенттерге генериктер емес, басқа фирмалық дәрілер – американдық Odefsey, сондай-ақ Rezolsta және Intelence ұсынылған. Бұл дәрілер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тарапынан мақұлданып, АИТВ емінде қолданылып келеді.
Кездесуден кейін ата-аналар бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Себебі олар тек дәлелденген препараттарды қолдануды қалайды.
Шымкент пен Түркістан облысындағы ЖИТС орталықтары бұл санаттағы науқастарға қажетті фирмалық дәрі-дәрмектердің 2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілетінін растады.
"Жаңа препараттар жақсырақ, формуласы жетілдірілген, жанама әсерлері аз. Сондықтан біз Odefsey-ді осы жылы жеткізіледі деп күтіп отырмыз, шамамен 50 адамға тапсырыс берілді", – деп мәлімдеді ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Мәшіров.Ата-аналар бұл уәделерге сенімсіздікпен қарайды. "Балаларды ЖИТС-тен қорғау" қорының жүргізген сауалнамасына сәйкес, өткен жылдан бері көптеген емделушілерге генериктік препараттар тағайындалған.
Ата-аналар мен қайырымдылық қоры денсаулық сақтау министрлігіне, ДДСҰ-ға, прокуратураға, сондай-ақ ЮНЭЙДС, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдарға ресми өтініш жолдады.
Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысында тегін дәрілер науқастарға берілмей келгенін жазғанбыз. Жалған құжатпен жемқорлық жасаған медициналық мекемелер анықталған еді.