"2-3 жылдан бері қолымды көтере алмай жүрмін": Ерболат Төлеген емшіге барамын деп ауруын асқындырып алды
Фото: Видеодан скриншот
Халыққа “Шімән апа” арқылы танылған актер Ерболат Төлеген емшіге баратын жұртқа үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялап, өзін емдеп жатқан емшінің видеосын бөлісті.
“Құрметті ағайын, сіздерге айтарым, мынадай емшісымақтарға сенбеңіздер, өтініш. Әлеуметтік желіге салмап едім. Біздің видеоларымызды әлеуметтік желіге салып, осыларды аяққа тұрғыздым деп жүр екен. Амал жоқ осы постты жазуға тура келді. “Алматыға керемет мануалист келді” деп балалар қоймай апарған. Сөйтсем, YouTube-тан 4-5 видео көріп алып, аяқ астынан емші болып кеткендер екен ғой”, – деп жазды актер.
Сөзінше, емшінің емінен кейін жағдайы қиындап кеткен көрінеді.
“Дәл осы видеодағы емшіге бармаңыздар! Оң қолымды яғни сіңірін жыртып жіберді. 2-3 жылдай оң қолымды жұмыс істете алмай қиналдым. Енді сол қолдың иығын көтере алмай қиналып жүрмін. 4-5 жылдай болды әлі емін таппай жүрмін. Плазма терапияда, блакада да алдым кетпейді. Сіздерге айтарым, мұндай өтірік емшісымақтарға бармаңыздаршы", – деп үндеу жасады әзілкеш.
Айта кетейік, қобызбен адамның дертіне шипа беремін деген емші желіде қызу талқыға түскен еді.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
