Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1XBET Pro Hokei Ligasy 2025/26 маусымына шолу

Қазақстан чемпионатының 2025/26 маусымы көптеген қызықты оқиғаларға толы болды — тұрақты классикадан бастап, күтпеген серпілістерге дейін. Төменде – маусымның негізгі қорытындылары мен талдауы.

Жеңімпаздар мен фавориттер

Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша көшбасшы атанған команда – “Номад”, 25 матчта 44 ұпай жинап, шайба айырмасы 105–54 көрсетті.

Екінші орында – “Сарыарқа”: 25 матч, 37 ұпай, шайба айырмасы 83–55.

Үшінші орынды “Торпедо” мен “Құлагер” бөлісті. “Торпедо” 24 ойын өткізіп, шайба айырмасы 100–44 болса, “Құлагердің” көрсеткіші – 25 матч, шайба айырмасы 72–56.

Ойын нәтижелеріне талдау

— “Номад” маусымның үздік үлгісі деуге болады: ең жоғары ұпай көрсеткіші мен әсерлі шайба айырмасы команда тек нәтиже емес, толық үстемдік көрсете алғанын аңғартады.

— “Сарыарқа” лайықты өнер көрсетті, алайда тұрақтылық жағынан көшбасшыдан қалып қойды: жарқын матчтар аздау, әрі жіберілген шайбалар көбірек.

— “Торпедо” тамаша қорғанысымен көзге түсті (бар болғаны 44 шайба жіберген) және сенімді тепе-теңдік сақтады. Ал “Құлагер”, ұқсас статистикаға қарамастан, шайба айырмасы бойынша сәл әлсіздеу көрінді.

— Келесі орында “Арлан” – 22 матчта 28 ұпай, шайба айырмасы 60–59. Команда жеңістерін жиілеткенімен, айырмашылықтың бар болғаны +1 болуы әр ойынның қиын өткенін және тартысты болғанын көрсетеді.

— Кестенің төменгі жағында айтарлықтай жұмыс істеуді қажет ететін командалар бар. Мысалы, “Актөбе” – бар болғаны 9 ұпай және шайба айырмасы 29–81.

Чемпиондыққа және ұзақмерзімді табысқа жету үшін “Номад” — қалай ойнау керектігінің жарқын үлгісі. «Арлан» тұрақты чемпионатта әзірге сенімді әсер қалдырмауда, сондықтан сұрақ туындайды: қазіргі чемпиондардан плей-офф кезеңінде не күтеміз?

1XBET Pro Hokei Ligasy маусымның бел ортасында, сондықтан клубтарда шешуші кезең басталар алдында өз позицияларын жақсартуға әлі мүмкіндік бар.

1XBET компаниясы Қазақстан Хоккей Федерациясының бас демеушісі екенін еске салады. Қазақстан чемпионатының барлық матчтарын 1XBET сайты немесе қолданбасындағы “Хоккей” бөлімінен тамашалауға болады.

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 16:41
Талқылау