"Біз сені Еуропада ойнайды деп күтіп жүрсек”: Ғалымжан Кенжебек ресми түрде “Ахмат” ойыншысы атанды
Фото:”Ахмат” фк
Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Елім-ай” клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Ресейдің “Ахмат” командасына ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
22 жастағы футболшы Грозныйлық клубпен 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойды.
Айта кетейік, қазіргі таңда “Ахматты” Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады. Сонымен қатар бұл команда сапында тағы бір қазақстандық футболшы Максим Самородов өнер көрсетіп жүр.
Алайда Ғалымжан Кенжебектің бұл шешімі жанкүйерлердің басым бөлігінің наразылығын тудырды.
“Біз сені Еуропада ойнайды деп күтіп жүрсек, әттеген-ай!”
“Өз таңдауың, тек аман жүрші”
“Екі ай ойнап, Еуропаға кетші”
“Жарақаттан аман бол”
“Еуропаға баратын ойыншы едің, бәрін құрттың”
“Мансапты емес, ақшаны таңдадың”
“Халқың сені Еуропада күтті”
“Ішіміз ашып барады”, – деген пікірлер толассыз жазылуда.
Ғалымжан Кенжебек Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Ал “Ахмат” Ресей Премьер-лигасының 18 турында 16 клубтың ішінде 8-орында тұр. Чемпионат ойындары наурыз айының басында қайта жалғасады
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді

