“19 жерінен пышақтаған”: Түркістанда ер адам әйелінің туысын өлтірмек болды
Бұрынғы әйелімен тұратын балаларын көруге барған түркістандық тұрғын үйде жанжал шығарған. Артынша жұбайының туысын бірнеше жерден пышақтап, қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Түркістан қаласының тұрғыны 19 жерінен пышақталып, ауруханаға түскен. Ал күдіктіге іздеу жарияланды.
Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары қабылданғанын жеткізді.
“24 рет пышақ сұққан”: Ақтөбеде дәрігерді азаптап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
"Полиция тұрмыстық жанжал негізінде болған "кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұрынғы жұбайындағы балаларды көру үшін келген жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы кезде күдікті мен әйелінің туысы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған. Қазір қажет жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы көшелерінде пышақ ұстаған үш ер адамның тұрғындарды қорқытқан видеосы тараған еді.