Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы қыз тыр жалаңаш фототүсірілімге қатысты (фото)

19 жастағы қазақстандық спортшы Татьяна Корбалина жеңіл атлетиканы қолдап алматылық фотограф Роман Карагодиннің фототүсіріліміне қатысты. Осылайша спортшы қыз ел назарын спорттағы үлкен мәселеге аудармақ.

1460083382_photo_63751

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

«Қазақстанда бапкерлер бар. Ал, мамандандырылған дәрігерлер мен басқа да кәсіби мамандар жетіспейді. Материалдық базаның өзі үлкен мәселе. Ол туралы танымал спортшыларымыз, Ольга Рпакова мен Дмитрий Карпов та айтқан болатын», – дейді Татьяна.

Спортшы Қазақстандағы спорт мәселесімен қатар, өзінің бұл салаға қалай келгенін, неше жыл жеңіл атлетикамен айналысқанын да айтып өтті.

1460083353_photo_63750

«Сәуір айында 20 жасқа толам. Яғни, жеңіл атлетикамен 8 жылдан бері айналысып келемін. Бастапқыда құрбыма еріп келгем. Кейіннен менің жүгіруім мамандардың көңілінен шыққан екен. Ал, қазір денсаулығыма байланысты бұл спорт түрімен айналыспаймын. Сондықтан фототүсірілімдер мен биге қатысуды жөн көрдім», – дейді спортшы.


 

Жіберіп алмаңыз:

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақтың көк байрағын көтеріп шығуға кім лайық


 

Алайда, соған қарамастан спортшы қыз жеңіл атлетиканы қолдайтынын атап өтті.

«Мен спортқа бірнеше жылымды арнадым. Сондықтан біздің елдегі спорт жоғары деңгейге көтерілсе екен деймін. Мүмкін, Олимпиада ойындарының өтуіне бірнеше ай қалса да, осы мәселеге назар аударар адам табылар. Осы түсірілім арқылы жеңіл атлетикаға көмегім тисе, қуанар едім», – дейді Татьяна Корбалина.

 

Талқылау