19 жастағы ару әкелері әртүрлі егіз босанды
Фото: Newsflash
Бір күнде екі ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен бразилиялық әйел әкесі әртүрлі егіз балаларды дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Гояс штатының Минериос қаласынан шыққан 19 жастағы арудың айтуынша, ол балаларының нақты әкесін анықтау үшін әкелік сынақ тапсырған. Арада сегіз ай өткеннен соң балалардың әкесі кім екенін күмәнданып, ДНҚ сараптамасын тапсыруды ұйғарған.
Ол әуелі баланың әкесі деп есептеген жігіттен ДНҚ сынамасын алған, алайда екі рет жасалған тест нәтижесі егіздің тек біреуіне ғана сәйкес келген.
Содан кейін ол сол күні тағы бір ер адаммен жақын қатынаста болғанын еске түсіріп, екінші жігіт те тест тапсырған. Тексеру нәтижесі оның егіздің екінші баласына биологиялық әке екенін көрсетті.
Бұл құбылыстың ғылыми атауы – гетерородительдік суперфекундация.
Фото: Newsflash
Әйелдің дәрігері Тулио Жорже Франко Globo басылымына берген сұхбатында мұндай жағдай бір әйелдің ұрығын әртүрі ер адамның ұрығы ұрықтандырғанда болатынын түсіндірді.
“Бұл бір ананың екі жұмыртқасын әртүрлі ер адамдардың ұрығы ұрықтандырған жағдайда мүмкін болады. Балалар ананың генетикалық материалын ортақ алады, бірақ олар әртүрлі плацентада дамиды”, – деді ол.
Ол бұл жағдайдың өте сирек кездесетінін айтты.
Әлем бойынша мұндай жағдайдың шамамен 20-ға жуық дерегі ғана тіркелген.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, балалардың қазіргі жасы – 16 ай. Алайда дәрігер Тулио Жорже Франко бұл оқиғаны тек осы аптада жария етті.
Қазір әкелердің бірі екі баланы да қамқорлығына алып, олардың анасын материалдық жағынан қолдап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін 35 күн бойы жабайы табиғатта егеуқұйрықпен қоректенген қыз 14 келі салмақ тастағаны хабарланған еді.
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі