"183 миллиард теңге инвестиция": Алатау қаласында PepsiCo компаниясының зауыты ашылады

Фото: Үкіметтен
Алатау қаласында жалпы инвестиция көлемі 183,6 миллиард теңге болатын PepsiCo компаниясының зауыты салынып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл бастама Президенттің экономиканы әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Жобаның негізгі нысаны – тұзды тіскебасар тағамдар шығаратын зауыт. Зауыттың ауданы 50 мың шаршы метрді құрайды. Техникалық іске қосылуы 2026 жылдың наурыз айына жоспарланған. Жоба аграрлық секторға оң әсер етеді. Өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету үшін отандық фермерлермен 15 келісімшарт жасалған.
“2025 жылы инвестицияларды 360 миллион долларға дейін екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Құрылыстың барлық кезеңдерінің аяқталуына қарай 2028 жылы 900-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Толық қуатқа шыққан кезде біз жыл сайын 210 мың тоннаға дейін картоп өңдейтін боламыз”, – деді PepsiCo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Марғұлан Оспанов.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)