18 жастағы бойжеткен «Астана Аруы-2016» атанды (фото)
«Астана Аруы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды. Елорданың ең сұлу аруы 18 жастағы Елназ Нұрсейітова атанды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Сұлулық байқауына 17 мен 23 жас аралығындағы 20 бойжеткен қатысты. Олардың барлығы көрікті әрі мүсіндерінде де мін жоқ болды. Бірақ қазылар алқасының таңдауы 18 жасар Елназ Нұрсейітоваға түсті. Олар Елназды қаланың ең сұлу қызы деген атаққа лайық деп тапты.
Бірінші вице-мисс атағына Бегайым Жорабекова лайықты деп танылды, екінші вице-мисс атағын Екатерина Подгородецкая жеңіп алды. Ал Бибінұр Есімова үшінші вице-мисс деген атаққа ие болды.
Қазылар алқасының мүшелігіне олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әнші Әли Оқапов, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, «Астана Аруы» байқауының директоры Ольга Радеш, «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова енген болатын. Қатысушылар байқау барысында төрт кезеңдік сайыстан өтті. Бірінші кезеңде арулар өздерінтаныстырса, екінші кезеңде ұлттық киімде жүріп өтті. Келесіде бойжеткендердің әртістік өнері бағаланды. Соңында арулар кешкі көйлекпен шықты.
Елназ Нұрсейтова енді «Қазақстан Аруы» байқауында Астана атынан шығады.
Жіберіп алмаңыз:
Айдана Меденованың күйеуі: Ол мен ойлағандай қыз болмады
Екі баланы дүниеге әкелген Динара Сәтжан мінсіз денесін көрсетті
Арман Қоңырбаев Аша Матайды кімнен қызғанып жүр? (видео)
Есболат Беделхан тобын құрмай жатып таратып жіберді
Актер Ернар Нұрғалиев пен жұбайы Әсел Қалиева нәрестелі болды