Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жарақаты қайта сыр берді

Денсаулығы сыр бердіФото:”Қайрат” фк

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Түркияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Алайда бұл жиынға Дастан Сәтпаев қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы соңғы медициналық тексерістен кейін толық айықпағаны анықталған. Осыған байланысты Дастан Катарда кезекті оңалту курсынан өтеді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасындағы соңғы екі матчқа "Брюгге" мен "Арсеналға" қарсы кездесулерге қатысқан жоқ.


Боранбаевқа тиесілі "Қайрат" футбол клубы Алматы бюджетінен 750 миллион теңге алмақ


Қайрат Боранбаевтың иелігіндегі "Қайрат" футбол клубы Алматы бюджетінен жүздеген миллион теңге алады


 

Ол 2025 жылдың желтоқсанынан бері қазан айында алған жарақатынан оңалту кезеңінен өтіп келеді.

"Қайрат" жаңа маусым алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын 20 ақпанға дейін Түркияның Белек қаласында өткізеді

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 22:23