16 жастағы «Ақтөбе аруы – 2016» сурет салып, Есениннің өлеңдерін жатқа оқиды
«Ақтөбе аруы – 2016» атанған Дания Кулярканова қолы бос кезде, сурет салып, Сергей Есениннің өлеңдерін оқитынын айтады.
Сурет: ©ЭК/Дмитрия Шинкаренко
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
«Шаян белгісінде дүниеге келген жандармен тіл табысу қиын дейді. Бірақ, мен адамдармен тез сөйлесіп, оларды айтқызбай түсініп, керек кезде көмек қолымды созуға дайын тұрамын», – дейді Дания.
10-сынып оқушысының түр-әлпеті әкесіне ұқсаған. Бойы ұзын, сымбатты, қара торы келген. Әкесі, Талғат Жүрінтаев күзетші болып қызмет етсе, анасы гүл сатушы болып жұмыс істейді.
«Биыл қызымды модель мектебіне қатыстырып көрейік деп шештік. Шынымды айтсам, қызым тәж иесі атанады деп ойлаған жоқпын. Бірақ, іштей үміттендін», – дейді анасы Әлия.
Ақтөбенің ең сұлу аруы қолы бос кезде үйінде бала күтумен, яғни, 3 жасар інісі Эмиль мен 1 жастағы егіз Сая мен Санжарға қарайтын көрінеді.
«Балаларды өте жақы көремін. Оқу бітіріп, тұрмысқа шығып жатсам, күйеуіме көп балалар сыйлағым келеді», – деп күледі бойжеткен.
Қолы бос кезде Дания кәсіби болмаса да сурет салуды ұнатады екен. Адам портретін де жақсы сала алатынға ұқсайды. Сондай-ақ, ол Есениннің өлеңдерін сүйіп оқиды.
Мектепті бітірген соң бойжеткен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірінде аудармашы мамандығына түсуді жоспарлап отыр.
Дмитрий Шинкаренко