Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті: Цифрлық даму министрлігі тексерісті бастады

хакер

Фото: Pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық дерлік қазақстандықтың жеке деректерінің тарап кеткені туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

16 маусымда Қазақстан тұрғындарының жеке деректері бар 16,3 миллион жазба әлеуметтік желіге тарап кеткені туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады.

16 миллионнан астам жазба тараған. Онда тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекенжайы, тұрғылықты жері, телефондары (ұялы телефон, үй, жұмыс), азаматтығы, ұлты және т.б. қолжетімді болды. 


Қылмыстық топ қазақстандықтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан


Кредит бергіш компанияларға біздің деректерді кім ұсынып жүр – Депутат интернет-алаяқтар туралы


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енді тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

“Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатыр. Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар тіркелген жоқ. Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау ерте”, – делінген хабарламада.

Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электронды үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады екен.

Министрлік қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланатынын түсіндірді.

Еске салсақ, 16 миллионнан аса қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткені айтылды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 17 Маусым, 2025 10:23
Талқылау