Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 қазанға қараған түні Жерде магнит дауылы болады

Мамандар сәрсенбі күні, яғни 16 қазанға қараған түні магнит дауылы болады деген болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, магнит дауылы сәрсенбіге қараған түні, түн ортасында басталып, таңғы сағат 6 шамасында басылады. Дауыл G1 деңгейінде әлсіз болады. Оның болжамды ықтималдығы 40%-ға тең.

Жердегі магниттік дауылдар қазанның 3 күні басталды. Ол аптаның соңына дейін жалғасты. Екіншісі 2 қазан күні болды. Мамандардың айтуынша, бұл 2024 жылғы екінші қуатты магнит дауылы болды. Кейін мамандар 10 қазан күні күшті магнит дауылы болады деп болжады. Болжам дәл келіп, оның деңгейі G4-ке жетті. Қуатты дауыл бір тәулікке дейін созылып, 11 қазан күні басылды. 

Күннің белсенділігі солтүстік шұғыласының пайда болуына себеп болды. Осылайша ресейліктер бірнеше түн қатарынан солтүстік шұғыласына куә болды. Аспандағы ғажайып құбылысқа куә болғандардың қатарында Ленинград, Кострома, Мурманск, Калининград, Ростов, Мәскеу облыстарының, Карелиядан, Кама, Удмуртия және басқа да аудандардың тұрғындары бар. 

Магнит дауылдары электронды аппараттарға, әсіресе ғарыш станциясындағы спутниктерге, техникалық құрал-жабдықтарға әсер етеді. Бұл ғарыштық желдің иондаушы сәулелену ағындарын әкелуіне байланысты.

Талқылау