Кабулдағы жарылыстан Қазақстан елшілігі қирап калды
Ауғанстанның Кабул қаласында болған теракт салдарынан Қазақстан елшілігі ғимаратына да зақым келді.
Жойқын жарылыстан Кабулдағы Қазақстан елшілігі ғимаратына да зақым келіпті, ол теракт эпицентрінен 1,5-2 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
“Әріптестеріміздің ешбірі зардап шеккен жоқ. Дипломаттар қазір жұмысын жалғастырып жатыр. Олар теракт салдарынан зардап шеккен өзге де Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтау үстінде”, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Бұған дейін екі Қазақстан азаматының зардап шеккенін хабарлаған едік. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес жарылыс құрбандарының саны 80-ге жетті.
Тағы да оқыңыз:
Елбасы Қазақстан теңге сарайы шығарған алтын құймаларды алғашқы болып сатып алды
Өмір заңнан парасатты келеді: Бас прокурор Үсенов пен Нидің неліктен түрмеге отырмағанын түсіндірді
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды (фото)