"150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін": Шымкентте лауазымды тұлғалар жүргізуші куәлігін заңсыз жасап сатқан
Фото: Видеодан скрин
Шымкентте жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу кезінде 2023–2024 жылдар аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ж.Р.Мурашимов пен бірқатар лауазымды тұлға жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
Аталған "қызмет" үшін олар азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алған. Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізушінің куәлігін алғаны белгілі болды.
“Қазір тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне – 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тыйым салынды. Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес6 өзге ақпарат жарияланбайды.
Көкшетауда лауазымды тұлғалар "Набережная" жағажайын салуға бөлінген 170 миллион теңгені жымқырған
Алматы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін қомақты айыппұл төлейді
Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Бұл Шымкент қаласында кейінгі жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
