Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алған

Фото: kolesa.kz
Шымкентте жүргізуші куәліктерін сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент прокуратурасының мәліметінше, 2023–2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін берумен айналысып келген.
Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.
“Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан. Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды”, – делінген хабарламада.
Іс бойынша 15 адам күдікті деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі