Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Алматы облысында ауыр сырқаттан 15 жыл бойы төсекке таңылған азамат халықтан көмек сұрайды. Басына екі мәрте ота жасатқан науқастың енді бауыры сыр беріп, жағдайы тіптен нашарлап кеткен.

322b05c6cd19a796664dd7fbdddc3146

Мемлекет тарапынан болатын тегін емнен мүлдем күдер үзген ол өмір сүргім келеді дейді, – деп хабарлайды 31 арна.

“Мен шынымды айтсам, қорқамын. Өмір сүргім келеді. Қанша арман бар!”, – дейді науқас.

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Комсомол ауылында тұратын Керімжан Бейсенбаев 2006 жылдан бері бірінші топтағы мүгедек. Бала күнінде басына соққы алып, есейе келе сырқаты дендепті.

“15 жыл төсекте, 15 күнге әзер шыдайды кейбір адамдар. Өзім нервпен барлық қиындыққа шыдап-шыдап келдім, енді бауырға келгенде мүмкіндік болмай қалды”, – дейді науқас Керімжан Бейсенбаев.

Екі баласының болашағына алаңдаған әке аяқтан тұрып кетуді армандайды. Ол үшін бауырыма ота жасалса болды дейді. Ал отаның құны 200 мың теңге. Тіпті, дәрігермен де келісіп қойған. Ал отағасының барлық ауыртпалығына шыдып жүрген жұбайы да басына екі мәрте ота жасатқан екен.

“Осы жерде учетта тұрмағанмен, Керімжан үшеуміз басқа жерде тұрмыз баламен. Аяқ асты өліп кетпесін деп. Осымен алысып келе жатырмын мен жиырма жылдай болып қалды”, – дейді науқастың жұбайы Әлия Қарабасова.

Қоржын тамды Керімжан сау күнінде өзі тұрғызыпты. Отбасының қазіргі күнкөрісі – жалғыз мүгедектік зейнетақы. Жүріп-тұруы күннен күнге қиындаған азамат жата берсем ауруым көбейеді ме деп қорқады.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында 10-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Менің өліміме кінәлі: Ақтөбелік азамат кеудесіне тергеушінің есімін жазды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Маңғыстауда әуелі сүйген қызын, артынша өзін атып өлтірген жігіттің әріптесі сотталды

Талқылау