Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 жылға сотталған": Жалғыз ұлын түрмеден шығару үшін көшеде қайыр сұрап, шырылдаған ана жұртты жылатты

Жұмагүл Замзаева – Алматы қаласының тұрғыны. Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын жалғыз ұлы жазықсыз жазаның құрбаны болып, 15 жылға сотталып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

 
Құзырлы орган өкілдері 1987 жылы туылған азамат жұмыс барысында кәмелеттік жасқа толмаған қызға сексуалды сипаттағы әрекет жасады деп айып таққан. Алайда анасы мұның бәрі жалған екенін айтады. Зар жылаған зейнеткердің ұлы Алматыда интернет орнатушы болып жұмыс істеген екен.  

"Баламды жазадан жазықсық интернет орнатуға барған жерінен жала жауып отыр. Нақтырақ айтсам, "Қаңтар оқиғасының" алдында интернет дұрыс істемей, өшіп жатты ғой. Сол кезде балам клиенттің үйіне екі рет барып интернет қоса алмаған. Содан кейін үшін рет барғанда тағы интернет жүйесін қоса алмай кетіп қалған. Сол сәтте сол үйдегі әйел адам: "Кәмелеттік жасқа толмаған қызымды зорлағысы келді, үш күн әдейі істемей жүрді" деп жала жауып, баламды қаматып қойды. Екі күннен кейін олар сол үйден қызы мен ұлын алып көшіп кеткен. Өйткені әлгі жалғыз басты әйел пәтерді жалға алып тұрған екен", – дейді Жұмагүл Замзаева. 


Бүгінде зейнеткер баласын абақтыдан алып шығу үшін көшеде қайып сұрап, ақша жинауға мәжбүр.  Талай адвокат алдап кеткен, тергеуші де қомақты қаржы сұраған көрінеді. 

"Ақша жасап жүрген адамдар деп ойлаймын. Өйткені тергеуші судьяның өзіне деп менен 7 миллион теңге сұрады. Менің беретінім жоқ. Содан кейін "мен тауып берсем қандай кепілдік?" деп едім, "кепілдік жоқ" деді. Ақша тауып бере алмадым. Сөйтіп жүргенде баламды соттап жіберді. Балам қамалған күннен бастап күндей қайта-қайта талып, екі ай есімді жинай алмай жүрдім", – деп жылады анасы.  

 
Ойда-жоқта жазаға тартылып, 15 жылға түрмеге тоғытылған жігіттің жас келіншегі мен кішкентай ұлы бар екен.

"Ешкімнің бетіне қаратпай өсірген жалғыз балам ғой. Әкесіз өсті, әкесі тастап кеткен. Келінім жылайды, кейде ызаланып кетіп қалады. Шешесінің үйіне бір-екі күн қонып келеді де, ашуы басылғанан кейін қайта келеді. Оған ештеңе дей алмаймын. Бір жаққа шығып қыдырып келші деймін. Жүре ме, қоя ма ештеңе демеймін. Себебі мен оны түсінемін. Келінім бар-жоғы 25 жаста. Немереме де обал. "Апа, тиындарыңды жұмсамашы, жинашы. Ақшаны полицияға беріп, әкемді шығарып алайықшы" дейді. Жасы алтыға келді, бәрін біледі, сезеді ғой", – дейді зейнеткер. 


Жалғыз ұлы 15 жылға сотталған ананың ендігі үміті конституциялық соттың шешімінде. Аталған істі ағымдағы жылдың 23 маусымына дейін қарастыратындарын айтыпты. 
Эксклюзивті видео сұхбаттың толық нұсқасын Stan.kz Youtube арнасынан көріңіз.

 

Талқылау