Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жылға дейін бас бостандығынан айыру: Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасағандар қатаң жазаға тартылмақ

Фото: Freepik.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрлер кабинетінде өткен брифингте медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны күшейтуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлеріне қол сұғуға қатысты жеке баптар енгізіледі. Осылайша, шектеу мен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қарастыратын жаңа 158-1 бап енгізіледі.


Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды


"Теуіп, аяғымен бетімді мыжыды": Қарағандыда аяусыз соққыға жығылған мейіргер жағдайдың қалай болғанын айтып берді


Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, зорлық-зомбылық қаупі төнген жағдайда екі жылға дейін бас бостандығын шектеу қарастырылған.

"Егер бір дәрігерге, медицина қызметкеріне зорлық-зомбылық жасалса, бұл екі жылдан жеті жылға дейін, ал төтенше жағдайда орын алса - он жылға дейін жаза. Егер бұл бір немесе бірнеше адамнан медициналық қызметкерлер тобына қауіп төндірсе, онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған Сондықтан бұл – біздің медицина қызметкерлерін қорғауға арналған жеткілікті шаралар. Ал қыркүйекте олар парламентке ұсынылады", – деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Еске салайық, бұған дейін соңғы айларда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар жиілеп кетті. Маусым айында Атырау облысында учаскелік дәрігерге науқас шабуыл жасап, оның миы шайқалғаны хабарланған. Шілде айында Қарағандыда жеке клиника мейіргері соққыға жығылды, ал Қостанайда урология бөлімінің жас хирургі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Бұл оқиғалар қоғамда резонанс туғызып, медициналық қауымдастықтың, қоғам белсенділерінің және Денсаулық сақтау министрлігінің алаңдаушылығын тудырды. Министрлік медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алатынын мәлімдеді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 11:10
Талқылау