15 жастағы жасөспірім Колумбия президенттігіне үміткерге оқ атты

Фото: Instagram/migueluribet
Президенттікке үміткер колумбиялық сенатор Мигель Урибеге 15 жастағы жасөспірім оқ атты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қастандық Боготадағы сайлау алдындағы митингі кезінде, жақтастары алдында сөз сөйлеген кезде болған.
“Шабуыл жасады деп болжанған адам – Урибенің күзетшілері жаралаған 15 жасар жасөспірім”, – деп жазады жергілікті El Tiempo газеті.
Ол 1,5 метр қашықтықтан сенатордың арқасынан шамамен алты рет атқан, оқтың бірі Урибенің басына тиген. Атыс кезінде тағы екі адам жараланған.
Қазіргі кезде саясаткер ауруханада жатыр. Шабуылдаушыны Урибенің күзетшілері жаралап, ұстады.
Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған шабуылдаушы оқиға орнына мотоциклмен келген.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады