15 жастағы қызды "әйелдікке алған" ер адам сотталды: Қыздың әкесі үкім әлі күшіне енбенгеніне наразы

Видеодан скриншот
Қарағандыда 15 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі шариғат заңы бойынша 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген оқиғасына бір жылдан астам уақыт өтті. Қазанда сот қызды зорлаған ер адамды 17 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда сотталушының қорғаушысы апелляциялық шағым түсіргендіктен, үкім әлі күшіне енген жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздың әкесі куәгер, алайда сотта не болып жатқанынан бейхабар. Қызы онымен аса араласпайды. Өткен наурызда қыз әкесіне оны анасы мен өгей әкесі 38 жастағы досына күйеуге бергенін айтты. Содан кейін ол қашып кеткенін айтты.
“Зорлықшының ата-анасы өте бай. Мен бұған қатты алаңдаймын. Қызым үшін қорқамын. Мен оны көрдім және ол мүлдем басқа адам боп кеткен. Оның көзінде бұрынғыдай нұры жоқ”, – деді әкесі.
Сот отырысынан кейін желіде қыздың өз еркімен тұрмысқа шыққанын және күйеуінің оны ұстап тұрмағанын айтқан видео пайда болды. Әкесі қызын бұлай айтуға мәжбүрлегеніне сенімді.
Сот қыздан жауап алуды жабық режимде өткізді. Қалған сот отырыстары оның қатысуынсыз өтті. Дегенмен қыз сотқа қатысқысы келетінін айтқан. Ол отбасында басқа балалар болғандықтан, анасы мен өгей әкесін ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа шағым түсірген. Сот үкім шығарылғанға дейін бұл шағымды тоқтатты.
“Олар баланың өзін кінәлі сезіндірмек. Яғни басқа балалар ата-аналарын қатты жақсы көреді, өгей әкесімен ойнайды, ал “сенде бірдеңе дұрыс емес болар” деп келтіреді. Кінәлілердің жазадан құтылуы үшін балаға қысым жасалып жатыр”, – деді Абай аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Марина Стрельникова.
Сот апелляциялық шағымның кейінге қалдырылғанын, себебі іс прокурордың апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішін қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылып жатқанын айтты.
Бұған дейін Қазақстанда 38 жастағы ер адам 15 жастағы қызды "әйелдікке алғаны" туралы хабарланды.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды