Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жасында шариғат бойынша тұрмысқа берген: Қарағандыда қызды зорлау ісі бойынша сот басталды

15 жасында шариғат бойынша тұрмысқа берген: Қарағандыда қыздың күйеуіне қатысты сот басталдыФото: depositphotos.com

Қарағандыда 15 жастағы қызды зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылдың наурыз айында 15 жастағы қызды анасы мен өгей әкесі 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген.

Ал 38 жастағы ер адам қызды төрт күн бойы жабық пәтерде ұстап, бірнеше рет зорлаған. Бала қашып құтылып, қорғану үшін әкесіне барған. Қыздың туған әкесі полицияға арыз жазған. Қарағандыда 15 жастағы қыздың "күйеуіне" қатысты сот басталды.

"Бұрынғы әйелім мен оның күйеуі бұл іс бойынша неге куәгер ретінде тергеліп жатқанын түсіне алар емеспін. Олар неге қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Зорлаған адам ғана айыпталып отыр. Ол қызымның өгей әкесінің досы. Ал ол қызымды досына ұсынған. Бұл – сутенерлік", – дейді қыздың туған әкесі.



Іс басталғанда қыз туған әкесінің қолында болған. Алайда әкесінің сөзінше, қыздың анасы мен өгей әкесі оны өз жағына шығарған. Қыз анасының кішкентай балаларын аяғаннан осындай шешімге баған.

Бойжеткен тіпті бұрынғы айғақтарынан бас тартып, туған әкесінің үстінен шағым түсіре бастаған. Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі ана мен өгей әкенің ата-аналық құқықтарын тоқтатпақ болған. Алайда сот бұл арызды жойған. 

Қыздың "күйеуі" 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот жабық есік жағдайында өтіп жатыр.

Қыздың нағашы атасы қыздың анасының діни ағымға кіріп кеткенін, немересіне хиджаб кигізгенін айтып, оны жазалауды сұрады. Балаларды қорғау бөлімі қызды күштеп күйеуге берген деген қорытындыға келген.

"Қазір қызым менімен араласпай қалды. Оның миын улап тастаған. Бірақ мен ренжімеймін. Қызым өскенде мені түсінетінін білемін. Мен ол үшін соңына дейін күресемін", – деді зардап шеккен қыздың әкесі.

Еске салсақ, Алматыда такси жүргізушісі 18 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлады деген күдікке ілінген еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 19:37
Талқылау