15 минут ішінде дәмді тағам: inDrive.Азық-түлік Алматыда дайын тамақ өндірісін іске қосты

Азық-түлікті 15 минутта жеткізетін inDrive.Азық-түлік сервисі дайын тағамдардың ауқымды өндірісін іске қосты. Енді inDrive.Азық-түлік қолданушылары күнделікті тұтынуға арналған дәмді дайын тағамдарға тапсырыс бере алады. Тағамдар консерванттар мен өзге де қоспаларсыз, компанияның өзіне тиесілі ас үй фабрикасында әзірленеді, ал ас мәзірінде – салаттардан бастап манты мен басқа да ыстық тағамдарға дейін – 50-ден астам тағам ұсынылған.
Заманауи ас үй фабрикасы Алматы қаласында тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істейді және шикізатты сатып алудан бастап, дайын тағамды қаптауға дейінгі өндірістің толық циклін қамтиды. Өндірістің негізгі ассортиментін күнделікті тұтынуға арналған ыстық тағамдар мен салаттар құрайды. Барлық тағам консерванттарды қолданбай, балғындығын сақтауға мүмкіндік беретін арнайы технология бойынша – газдық ортада қапталады. Алдағы уақытта inDrive.Азық-түліктің ассортименті арнайы желілермен толықтырылады. Мысалы, gourmet бағытындағы тағамдар мен вегетариандық мәзірлер енгізіледі. Бұған қоса, ас үй командасы танымал шеф-аспаздармен бірлесіп, авторлық тағамдар желісін әзірлеу мүмкіндігін де қарастырып отыр.

“Біз үшін дайын тағамдар қызметін іске қосу – ең алдымен адамдарға күнделікті қамқорлық көрсету. Үлкен қала тұрғындарының қарбалас өмір сүретінін көріп отырмыз және сол себепті олардың дәмді, сапалы әрі артық ымыраға бармай тамақтануына көмектескіміз келеді. Сонымен қатар әділ баға ұстанымын сақтау біз үшін аса маңызды: мүмкіндігінше көп адам адал бағамен мол мөлшерде, жаңа піскен әрі дәмді тағамға тапсырыс бере алуы керек. “Қазақстан – көпұлтты, гастрономиялық мәдениеті бай ел. Сондықтан ассортиментті қалыптастыру барысында біз осы жергілікті ерекшеліктерді саналы түрде негізге алдық. Бүгінде inDrive.Азық-түлікте винегрет пен түрлі салаттардан бастап, манты, шницель және әртүрлі отбасыларға үйреншікті, таныс өзге де ыстық тағамдарды қоса алғанда, 55 түрлі тағам ұсынылады”, – деп қосты inDrive жылдам жеткізу қызметтерінің директоры Нүркен Рзалиев.

Ас үй фабрикасының жұмыс жүйесі нақты қалыптасқан және шартты түрде деңгейлес құрылым мен сатылы құрылымға бөлінеді. Деңгейлес құрылым "станциялар" деп аталатын жеке бөлімшелерден тұрады. Оларға өнім қабылдау станциясы, салқын тағамдар станциясы, қамыр түю станциясы, ыстық тағамдар станциясы және басқа да бағыттар кіреді. Әрбір станцияның жұмысына сол бағытқа жауапты қызметкер бекітілген. Ал сатылы құрылым ас үйдің жалпы қызметін басқару, әкімшілік жүргізу, ішкі және сыртқы бақылау тұрғысынан жауап беретін негізгі мамандарды қамтиды. Бұл құрылымға ас үй директоры, ауысым менеджері, технолог-аспаз және өзге де жауапты қызметкерлер кіреді. Мұндай кросс-функционалды жүйе өндіріс процесіне жіберілетін өнімдердің мұқият тексерілуін ғана емес, дайын тағамдардың сапасын да қамтамасыз етеді. Ал қосымша арқылы тапсырыс беру мүмкіндігімен ұштасқанда, бұл тәсіл inDrive.Азық-түліктің шикізаттан бастап, тұтынушының дастарханына дейінгі әрбір кезеңді толық бақылауда ұстауына жол ашады.
“Тағы бір маңызды тұсы, біз өндірісте азық-түлік сатып алғаннан бастап, тағам дайындалып, тұтынушыға жеткізуге дейін бақылаймыз. Демек сапаға жауап береміз. Сонымен қатар табысын да есептейміз, бұл клиенттерге қолжетімді баға ұсынуға мүмкіндік береді. Егер тағамды басқалар дайындаса, бағаны бақылай алмас едік. Сондықтан алдағы уақытта өндірісті көбейтіп, цехтің экономикасын жақсартқымыз келеді”, – деп қосты Нүркен Рзалиев.

“Келесі жылдың соңына қарай тәулігіне 10 мың порцияға дейін өнім өндіруді және ассортиментті 120-дан астам тағамға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бізде аспаздық цехтарда да, мейрамхана саласында да тәжірибесі бар кәсіби мамандардан құралған ұйымшыл команда бар. Бұл клиенттерімізге мейрамхана деңгейіндегі, бағасы баршаға қолжетімді тағамдарды ұсынуға мүмкіндік береді”, – деп қосты “Рядом by inDrive” СТМ директоры Наталья Тян.
Ас үй фабрикасы сапа талаптары мен дәмдік сипаттамалар бойынша қатаң іріктеуден өткен жергілікті жеткізушілермен жұмыс істейді. Сонымен қатар ассортиментті маусымдық тағамдармен толықтыру мақсатында жергілікті фермерлермен әріптестік орнату да жоспарланып отыр.

Дайын тағамға inDrive қосымшасының “Азық-түлік” бөлімінде тапсырыс беруге болады. Қазіргі уақытта сауда маркасының өнімдері Алматы тұрғындары үшін қолжетімді, алайда жақын арада сервис Астанада да жұмыс істей бастауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, inDrive.Азық-түлік сервисі 2025 жылдың тамыз айында іске қосылып, 15 минут ішінде 5000-нан астам бірегей тауарды жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл сервис Қазақстандағы inDrive супераппы дамуының алғашқы қадамы болды. Компания өз экожүйесін дамыта отырып, қолданушыларына өмірдің әр түрлі салаларында таңдау еркіндігі мен әділ шарттарды ұсынуға ұмтылады. Мұндай тәсіл компанияның миссиясына – әділетсіздікпен күресуге, сондай-ақ 2030 жылға дейін бір миллиард адамның өміріне оң әсер ету деген жаһандық мақсатына сәйкес келеді.

Компания туралы:
inDrive – көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 360 миллионнан астам рет жүктелген және үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қосымшалардың ішінде екінші орында тұр. Қалалық сапардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық қызметтерді қамтитын қызметтердің толығып келе жатқан тізімін ұсынады. 2023 жылы inDrive венчурлық және M&A бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.
inDrive 48 елдің 1065-тен астам қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын ұстана отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Ол бұл мақсатқа жергілікті қоғамдастықтарды әділ баға қою моделі арқылы қолдайтын негізгі қызметі, сондай-ақ ықпал ету бағдарламаларының жұмысы арқылы жетуді көздейді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды