Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"13 жыл сәби күткен": Балжан Бидаш жанкүйерінің арманын орындады

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Әнші Балжан Бидаш Ақтау қаласына барып, кішкентай қыздың тұсауын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жеке парақшасында ерекше жазба арнады. Балжанға бүлдіршіннің анасы өтініш айтқан.

"Ақтауға қош келдіңіз! Сізге қызымның тұсауын кестіріп алайыншы. 13 жыл балалы бола алмай, Алла Тағаланың мейірімі түсіп, 13 жылдан кейін тапқан Бағым қызым", – дейді баланың анасы.



Әнші болса, жанкүйерінің өтінішін жерге тастамаған. Эстрада жұлдызы сәбидің тұсауын кесуге келісім берген.

"13 жыл бойы жүрекпен күткен періште. Көзіндегі жасы да, күлкісі де өмірдің шынайылығы. Әр басқан қадамы берекелі, бағы ашық болсын, балапан! Ақтаудағы мейірім мен махаббат үшін рақмет!", – деп жазды Балжан Бидаш.

Еске салайық, өнер иесі тұрмыста болған жылдарда азап шеккенін жасырмаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 04 Шілде, 2025 08:04
Талқылау