13 наурызда Кинопоискте режиссер Қана Бейсекеевтің көптен күткен "Тазы" деректі фильмі жарық көреді

13 наурызда Кинопоискте режиссер Қана Бейсекеевтің көптен күткен "Тазы" деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
Бұл жай ғана иттер туралы хикая емес, бұл – қазақтың бірегей аңшы итінің тұқымын сақтауға өмірін арнаған адамның тағдыры мен танымына терең үңілу. Басты кейіпкер – Рашид, көп жылдан бері тазы тұқымын жүйелі түрде дамытып, оның тұқым тазалығын сақтау жолында еңбек етіп келе жатқан жанашырлардың бірі. Ол үшін бұл жай ғана әуесқойлық емес, иттер оның өмір салтының және ұлттық мұраның болашағы үшін жеке жауапкершілігінің ажырамас бөлігіне айналған.
Фильм тазыны тек аңшылық тұқым ретінде ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының дәстүрі мен тарихымен біте қайнасқан мәдени символ ретінде де танытады.
Жоба Yandex Qazaqstan-ның қолдауымен жүзеге асты. Деректі фильмді 13 наурыздан бастап Кинопоисктен тамашалаңыздар.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі