13 млрд тенге қайда: Депутат қысқы Олимпиадаға бөлінген бюджеттің есебін талап етті
Фото:Мәжіліс
Бұған дейін еліміз XXV қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына мемлекеттік бюджеттен 13,3 миллиард теңге қаржы бөлгенін айтқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыдан кейін мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов дәл осы қысқы Олимпиадаға дайындық барысы жайында пост жариялап, бөлінген әр теңгенің есебін талап етті.
"Италияда өтетін олимпиададан нақты қандай нәтиже күтеміз? Спортшылардың дайындығы тиісті деңгейде ме? Спорт және денешынықтыру істері комитетінің ресми сайтында мемлекеттік тілде мардымды ақпарат жоқ. Бюджеттің орындалуы туралы мәліметтер 2022 жылдан бері жаңартылмаған. Сонда қазына қаржысының қалай игерілгенін қайдан білеміз? Дайындыққа деп бөлінген 13,3 млрд теңгенің есебі неге жарияланбайды? Жауапты министрлік бір медальді қанағат қылып отыр. Сонда бір жүлденің құны 13 млрд теңгеге бағаланғаны ма?" – деді Данияр Қасқарауов.
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары Италияда 2026 жылы 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге жұмсады
2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың киімі жаппай сынның астына қалды
Ұлттық команда 10 спорт түрінен 58 медаль үшін таласады. Қазақстанның атынан 35 спортшы қатысуы мүмкін.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты