Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы қазақстандық жас биші Еуропа чемпионатында топ жарды

Алтынай ЖұмабайФото:Алтынай Жұмабай/ Астана әкімдігі

Италияда WDO European Ameteur Ballroom Solo Championship халықарылық турнирі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан сынға түскен Алтынай Жұмабай топ жарды.

Алтынай Жұмабай спорттық бал биімен 3,5 жасынан бастап айналысқан.

Талантты арудың айтуы бойынша басты мақсаты әлемдік деңгейдегі сұранысқа ие жаттықтырушы болу.

“Мақсатым – Хореография академиясына түсу. Біздің ұлттық хореография академиясы бүкіл әлемде жақсы бағаланады. Қазір беделі артып келеді. Дегенмен елімізде қазақ арасынан шыққан көрнекті жаттықтырушылар жоқтың қасы. Себебі жаттықтырушыларға өз-өзін дамытуға мүмкіндік бермейді. Болашақта  халықаралық деңгейде ең үздік жаттықтырушы болуды қалаймын”, – дейді Алтынай.

Айта кетейік, Алтынай Жұмабай 2025 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен “The Lion Dance Championship” жарысында алтын жүлде иеленген. Сондай-ақ 2023 жылы 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы. Ол 2024 жылы Италияда өткен Еуропа чемпионатында да топ жарды. Сонымен қатар Мюнхенде өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 13:47